Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 мамырдағы N 381 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің        
2007 жылғы 14 мамырдағы
N 381 қаулысымен бекітілген

Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тұқым шаруашылығын дамытуға жергілікті бюджеттерден атаулы субсидия беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) өңірлік агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жергілікті өкілді орган бекіткен тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға арналған облыстық бюджеттік бағдарлама шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды төлеу (бұдан әрі - субсидиялау) тәртібін айқындайды.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау осы Ереженің 2-тармағында көзделген бағыттардың біреуі бойынша ғана жылына бір рет жүргізіледі.

      2. Субсидиялар бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қол жетімділігін қамтамасыз етуге арналған және заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органның тиісті шешімі негізінде мынадай бағыттар бойынша төлене алады:
      1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес жақын және алыс шет елдерден және республиканың басқа да облыстарынан әкелінетін тұқымды қоса алғанда) сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - облыстың жергілікті атқарушы органы) тиісті жылдың егініне әрбір аудан үшін тұқымның әр түрі бойынша белгілеген тұқым сатып алу және қаржыландыру көлемі шегінде бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның толық құны бойынша нақты сатып алынған көлемі үшін төленеді;
      2) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның құнын ішінара арзандатуға арналған субсидиялар тұқым шаруашылықтарына (бұдан әрі - тұқым шаруашылықтары) облыстың жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың егініне әрбір аудан үшін тұқымның әр түрі бойынша белгілеген тұқым сатып алу және қаржыландыру көлемі шегінде бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құн бойынша нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
      Субсидиялауға тек Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген немесе перспективалы деп танылған ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымы ғана жатады.
      Мақта тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу және/немесе тұқым шаруашылықтарының мақта тұқымын арзандатылған бағамен сатуы кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.09 № 544 Қаулысымен.

      3. Әрбір аудан үшін тұқымның әр түрі бойынша тұқым сатып алу
және/немесе сату көлемін облыстың жергілікті атқарушы органы дақылдың басымдылығын ескере отырып, егістік алқапқа тұқымға ғылыми негізделген қажеттілік нормалары негізінде айқындайды.
      Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің сатып алуы және тұқым шаруашылықтарының сатуы облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шекті бағадан аспайтын бағалар бойынша жүзеге асырылады.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар төлеудің негізгі өлшемі Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымын себу болып табылады.

      4. Субсидия алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін және/немесе тұқым шаруашылықтарының тізімін айқындау үшін әр ауданда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі - ауданның жергілікті атқарушы органы) шешімімен құрамында аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясының, қоғамдық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері бар ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады.

      5. ВАК-тың жұмыс органы ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) болып табылады.

      6. Бөлім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден және/немесе тұқым шаруашылықтарынан құжаттарды қабылдау мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ВАК-тың жұмыс тәртібін жариялауды қамтамасыз етеді.

2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші, екінші
және үшінші көбейтілген тұқымды сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидияларды төлеу тәртібі

      7. Облыстың жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылығы дақылдарын облыста өсірудің басымдылығын және аудандардың жергілікті атқарушы органдарынан түскен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеу жөніндегі ұсыныстарын ескере отырып маслихат облыстық бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде аудандар бойынша субсидиялау келемін бекітеді және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша тұқымның 1 тоннасына арналған субсидия мөлшерін айқындайды.
      Мақта тұқымын сатып алуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты айқындалады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.09 № 544 Қаулысымен.

      8. Толық құнымен сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымы үшін субсидия алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ВАК-қа:
      1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінімді;
      2) заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін - әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесін);
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттың көшірмесін;
      4) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды сатып алу фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша - тиісті жылғы 20 маусымға дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылғы 10 қарашаға дейін:
      нақты сатып алынған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның көлемі жөніндегі тізілімді;
      бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның сорттық және егу сапасын растайтын құжатты (тұқымға арналған куәлік);
      тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
      сатып алынған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін тапсырады.
      Химиялық әдіспен тазартылған мақта тұқымын сатып алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер субсидия алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.09 № 544 Қаулысымен.

      9. ВАК тапсырылған құжаттарды тексергеннен кейін осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес субсидия алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін жасайды және оны бекітуге ауданның жергілікті атқарушы органына жібереді. Осы тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда бөлім ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге бас тарту себептерін көрсете отырып тиісті анықтама береді.
      Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші тұқым шаруашылықтарынан арзандатылған құн бойынша сатып алу жүргізілген тұқым көлеміне бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидиялар алуға өтінім берген жағдайда, көрсетілген көлем осы Ереженің 1-тармағына сәйкес осы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге сатып алуға жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидиялар бөлу жоспарланған жалпы тұқым көлемінен алынып тасталуы тиіс.
      Егер тұқым сатып алуға арналған тапсырыс сомасы бөлінген бюджет қаражаты сомасынан артық болса, онда субсидиялар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдерінде көрсетілген егістік алқаптарға бара-бар бөлінеді.

      10. Ауданның жергілікті атқарушы органы екі жұмыс күні ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін бекітеді.

      11. Бөлім үш жұмыс күні ішінде ауданның жергілікті атқарушы органы бекіткен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімін, сондай-ақ субсидия төлеудің негізділігін растайтын төмендегі құжаттарды мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша - тиісті жылғы 1 шілдеге дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылғы 20 қарашаға дейін облыстың жергілікті атқарушы органына (облыстың бюджеттік бағдарламасының әкімшісіне):
      ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер нақты сатып алған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
      бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды мақсатты пайдалану туралы актіні;
      тексерілген тұқымның мөлшері мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын (немесе тұқым сапасының сертификатын) тапсырады.

      12. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
      жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның нақты сатып алынған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
      облыс бойынша бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның нақты сатып алынған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымының көлемі мен облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген 1 тоннаға арналған субсидиялар мөлшерлері негізінде тиесілі бюджеттік қаражаттың көлемін анықтайды;
      әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші үшін белгіленген тұқым сатып алу көлемі шегінде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды сатып алуға жұмсаған шығындарын өтеуге субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості жасайды.
      Төлемдер бойынша облыстық бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы тиесілі субсидияларды ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ағымдағы шоттарына аударады.
      Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне облыстың жергілікті атқарушы органы шоттар тізілімін және ақы төлеуге арналған шоттарды береді.
      Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды мақсатты пайдалану актісінің, нақты сатып алынған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның сатып алынған көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

      13. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне тапсырылған субсидия
төлеудің негізділігін растайтын құжаттардың анықтығы үшін облыстың жергілікті атқарушы органы жауапты болады.

3. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аттестатталған тұқым шаруашылықтары сатқан бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның құнын ішінара арзандатуға арналған субсидияларды төлеу тәртібі

      14. Облыстың жергілікті атқарушы органы ауыл шаруашылығы дақылдарын облыста өсірудің басымдылығын және аудандардың жергілікті атқарушы органдарынан түскен бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның құнын ішінара арзандату жөніндегі ұсыныстарын ескере отырып маслихат облыстық бюджетті бекіткеннен кейін екі апта мерзімде облыс бойынша бекітілген субсидиялау көлемі шегінде аудандар бойынша субсидиялау көлемін бекітеді және ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша тұқымның 1 тоннасына арналған субсидия мөлшерін айқындайды.
      Тұқым шаруашылықтарының мақта тұқымын арзандатылған бағамен сатуы кезінде 1 тоннаға субсидия мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және/немесе химиялық тазарту әдісіне) байланысты айқындалады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.09 № 544 Қаулысымен.

      15. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құн бойынша нақты сатылған, Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымына субсидия алу үшін тұқым шаруашылықтары ВАК-қа:
      1) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;
      2) заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлғалар үшін - әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесін);
      3) тұқым шаруашылығы мәртебесінің болуын растайтын құжаттың
көшірмесін;
      4) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды сату фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша - тиісті жылғы 20 маусымға дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылғы 10 қарашаға дейін:
      нақты сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның көлемі жөніндегі тізілімді;
      сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқымға арналған куәлік);
      тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
      сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тұқымды тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін тапсырады.
      Химиялық әдіспен тазартылған мақта тұқымын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған бағамен сатқан тұқым шаруашылықтары субсидия алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін тапсырады.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.09 № 544 Қаулысымен.

      16. ВАК тапсырылған құжаттарды тексергеннен кейін осы Ережеге
5-қосымшаға сәйкес субсидия алуға арналған тұқым шаруашылықтарының
тізімін жасайды және оны бекітуге ауданның жергілікті атқарушы органына жібереді. Осы тізімге енгізуден бас тартқан жағдайда бөлім тұқым шаруашылығына бас тарту себептерін көрсете отырып тиісті анықтама береді.
      Егер тұқым сатып алуға арналған өтінімдердің сомасы бөлінген бюджет қаражаты сомасынан артық болса, онда субсидиялар тұқым шаруашылықтарының өтінімдерінде көрсетілген көлемге бара-бар бөлінеді.

      17. Ауданның жергілікті атқарушы органы екі жұмыс күні ішінде тұқым шаруашылықтарының тізімін бекітеді.

      18. Бөлім үш жұмыс күні ішінде ауданның жергілікті атқарушы органы бекіткен тұқым шаруашылықтарының тізімін, сондай-ақ субсидия төлеудің негізділігін растайтын төмендегі құжаттарды мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша - тиісті жылғы 1 шілдеге дейін, ал күздік дақылдар бойынша - тиісті жылғы 20 қарашаға дейін облыстың жергілікті атқарушы органына (облыстың бюджеттік бағдарламасының әкімшісіне):
      нақты сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
      бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды мақсатты пайдалану туралы актіні;
      тексерілген тұқымның мөлшері мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы белгіленген тәртіппен аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын (немесе тұқым сапасының сертификатын) тапсырады.

      19. Облыстың жергілікті атқарушы органы:
      жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
      облыс бойынша бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымының көлемі мен облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген 1 тоннаға арналған субсидиялар мөлшерлері негізінде тиесілі бюджет қаражаттың көлемін анықтайды;
      әрбір тұқым шаруашылығына белгіленген тұқым сату көлемі шегінде осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның құнын ішінара арзандатуға субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомості жасайды.
      Төлемдер бойынша облыстық бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органы тиесілі субсидияларды тұқым шаруашылықтарының ағымдағы шоттарына аударады.
      Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне облыстың жергілікті атқарушы органы шоттар тізілімін және ақы төлеуге арналған шоттарды береді.
      Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды мақсатты пайдалану актісінің, нақты сатылған бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

      20. Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне тапсырылған субсидия төлеудің негізділігін растайтын құжаттардың анықтығы үшін облыстың жергілікті атқарушы органы жауапты болады.

4. Бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымды арзандатуға бөлінген қаражаттың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау

      21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы
мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      22. Облыстың жергілікті атқарушы органы бюджет қаражатының
мақсатты және тиімді пайдаланылуы үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес жауапты болады.

                                                  Ережеге 1-қосымша

                                         _________________ ауданының
                                        ведомствоаралық комиссиясына

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.

   Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші, екінші
    және үшінші көбейтілген тұқымды сатып алуға жұмсаған
       шығындарын ішінара өтеуге арналған субсидияны
                     алуға өтінім

1. _______________________________________ негізінде әрекет ететін
            (құрылтай құжаты)
____________________________________________________________________
                    (ауылшартауарын өндіруші)
бірінші басшысы ____________________________________________ атынан
                       (Т.А.Ә., лауазымы)
 
осымен _________ тонна мөлшерінде сатып алынған және егіс жұмыстарын
жүргізуге пайдаланылған ____________________________________________
                        (ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтілуі)
тұқымына жұмсалған шығындарды ішінара өтеуге субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: _______________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 
3. Өтінімге мыналар қоса беріліп отыр:
      заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар
үшін - әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі);
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне
құқық белгілеуші құжаттың көшірмесі;
      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
      шот-фактура, төлем құжаттары, тауарлық-көлік жүкқұжаттары және
басқа да растайтын құжаттар;
      ағымдағы шоттың болуы туралы екінші деңгейлі банктің анықтамасы.

      Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің заңды мекен-жайы
және банктік деректемелері __________________________________
_____________________________________________________________
                        (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                                   Ережеге 2-қосымша

                                                Бекітемін
                                      ______________________ облысы
                                      ______________ ауданының әкімі
                                      _____________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
                                      200 __ жылғы»"__" ___________

            Субсидия алатын ауыл шаруашылығы тауарын
                      өндірушілердің тізімі

Шаруа.
шылық.
тың атауы

Да.
қыл

Сорт

Көбей.
тілген тұқым

Тұқым сатып алын.
ған күн

Тұқым ғ а субсидия беруге нақты тапсы.
рылған құжаттар, тонна

Сатып алынған тұқым.
ны ң 1 тонна.
сына арнал.
ған субси.
дияны ң мөлшері, те ң ге

Тиесілі субси-
дия сомасы, те ң ге

1

2

3

4

5

6

7

8









ЖИЫНЫ:








        ВАК төрағасы _______________
                     (қолы, Т.А.Ә.)
      ВАК мүшелері _______________
                     (қолы, Т.А.Ә.)
                     _______________   _______________
                     (қолы, Т.А.Ә.)     (қолы, Т.А.Ә.)

                                                   Ережеге 3-қосымша

                                                     Бекітемін
 
                             _________________________________ облысы
                            ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
                            ________________________________________
                                       (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
                            200 __ жылғы "__" ______________________

     200__ жылғы "__" ______ кезеңі үшін ауыл шаруашылығы
      тауарын өндірушілердің бірінші, екінші және үшінші
  көбейтілген тұқымды сатып алуға жұмсаған шығындарын өтеуге
        субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость

Ауданның
атауы

Шаруа.
шылық.
тың
атауы

Дақыл

Сатып
алынған
күн

Тұқым сатып
алудың жылдық
көлемі

Белгіленген көлем
шегінде тұқымға
субсидия беруге
нақты тапсырылған
құжаттар, тонна

тонна

сома
(теңге)

жыл
басынан

200_ ж.
"__" мен
"__"
аралы.
ғында

1

2

3

4

5

6

7

8









ЖИЫНЫ:








  кестенің жалғасы

Сатып
алынған
тұқымның 1
тоннасына
арналған
субсидия
мөлшері,
теңге

Жыл
басынан
бастап
тиесілі
субсидия
сомасы,
теңге

Жыл басынан
бастап
төленгені,
теңге

Тиесілі
субсидия
сомасынан
қалғаны,
теңге

200__ж."__"___
белгіленген
көлем шегінде
төленуге
тиісті, теңге

9

10

11

12

13











  _______________ облысы Ауыл шаруашылығы департаментінің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
 
                                           (Т.А.Ә., қолы)

                                               Ережеге 4-қосымша  
 
                                         __________________ ауданының
                                        ведомствоаралық комиссиясына

      Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.

   Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған
   бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымның құнын
ішінара арзандатуға арналған субсидияны алуға арналған өтінім

1. _______________________________________ негізінде әрекет ететін
            (құрылтай құжаты)
____________________________________________________________________
                             (тұқшар)
бірінші басшысы _____________________________________________ атынан
                          (Т.А.Ә., лауазымы)
осымен _________ тонна мөлшерінде отандық ауыл шаруашылығы тауарын
өндірушілерге сатылған және егіс жұмыстарын жүргізуге пайдаланылған
____________________________________________________________________
          (ауыл шаруашылығы дақылы, сорты, көбейтілуі)
тұқымының құнын ішінара арзандатуға субсидия бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы:
3. Өтінімге мыналар қоса беріліп отыр:
      заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлғалар
үшін - әкімнің шаруа қожалығын құруға арналған шешімінің көшірмесі);
      Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің
көшірмесі;
      шот-фактура, төлем құжаттары, тауарлық-көлік жүкқұжаттары
және басқа да растайтын құжаттар;
      екінші деңгейлі банктің ағымдағы шотының болуы туралы
анықтамасы.

   Тұқым шаруашылығының заңды мекен-жайы және банктік
      деректемелері: ________________________________
      _______________________________________________
                    (Т.А.Ә., қолы, мөрі)

                                                 Ережеге 5-қосымша

                                                     Бекітемін
 
                             _________________________________ облысы
                            ________________________ ауданының әкімі
                            ________________________________________
                                       (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
 
                             200 __ жылғы "__" ______________________

         Субсидия алатын тұқым шаруашылықтарының тізімі

Шаруа-
шылық.
тың
атауы
Дақыл Сорт Көбей.
тілген
тұқым
Тұқым
сатыл.
ған күн
Тұқымға
субсидия
беруге
нақты
тапсырыл.
ған
құжаттар,
тонна
Сатылған
тұқымның
1 тонна-
сына
арналған
субсидия
мөлшері,
теңге
Тиесі-
лі
субси.
дия
сома-
сы,
теңге
1 2 3 4 5 6 7 8








ЖИЫНЫ:








        ВАК төрағасы _______________
                     (қолы, Т.А.Ә.)
      ВАК мүшелері _______________
                     (қолы, Т.А.Ә.)
                     _______________   _______________
                     (қолы, Т.А.Ә.)     (қолы, Т.А.Ә.)
 
                                                 Ережеге 6-қосымша

                                                     Бекітемін
                             ________________________________ облысы
                            ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы
                            ________________________________________
                                       (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
                            200 __ жылғы "__" ______________________

   200 __ жылғы»"__" ____ -»"__" ______ кезеңі үшін отандық
       ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған
           бірінші, екінші және үшінші көбейтілген
      тұқымдардың құнын ішінара арзандатуға субсидиялар
              төлеуге арналған жиынтық ведомость

Ауданның
атауы

Шаруа.
шылық.
тың
атауы

Дақыл

Сатып
алынған
күні

Тұқым сатудың
жылдық
көлемі

Нақты тұқымдарға
субсидия беруге
тапсырылған
құжаттар, тонна

тонна

сома
(теңге)

жыл
басынан

200_ ж.
"__" мен
"__"
аралы.
ғында

1

2

3

4

5

6

7

8









ЖИЫНЫ:








  кестенің жалғасы

Сатылған
тұқымның 1
тоннасына
арналған
субсидия
мөлшері,
теңге

Жыл
басынан
бастап
тиесілі
субсидия
сомасы,
теңге

Жыл басынан
бастап
төленгені,
теңге

Тиесілі
субсидия
сомасынан
қалғаны,
теңге

200__ж."__"___
белгіленген
сату көлемі
шегінде
төленуге
тиісті, теңге

9

10

11

12

13











  _______________ облысы ауыл шаруашылығы департаментінің
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
                                                (Т.А.Ә., қолы)