Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы N 367 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 376 Қаулысымен

Күшін жойған

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.03.20. N 376 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың,
шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы N 1753 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 49-50, 589-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесінде:
      "Мемлекеттік ұйымдар:" деген бөлім мынадай мазмұндағы 76-3-тармақпен толықтырылсын:
      "76-3. Абу-Даби муниципалитеті";
      "Шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар және қорлар" деген бөлім мынадай мазмұндағы 154-тармақпен толықтырылсын:
      "154. Заид Бин Сұлтан әл-Нахаян атындағы қайырымдылық-ізгілік ұйымы".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі