Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 365 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурс өткізу үшін мынадай құрамда комиссия құрылсын:

Сұлтанов              - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы       вице-министрі, төраға

Ерғожин               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы          вице-министрі, төрағаның орынбасары

Құсайынов             - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы        бюджеттік жоспарлау вице-министрі 

Сартбаев              - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Медет Мақсұтұлы         Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Сейітқұл              - Республикалық бюджеттің атқарылуын
Қайырбек Сейітқұлұлы    бақылайтын есеп комитетінің мүшесі (келісім
                        бойынша)

Хамзин                - Қазақстан Республикасының Президенті
Рүстем Назымбекұлы      Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
                        талдау бөлімі меңгерушісінің бірінші
                        орынбасары (келісім бойынша)

Өтебаев               - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
Мүсірәлі Смайылұлы      Экономика, қаржы және бюджет комитетінің
                        төрағасы (келісім бойынша)

Итеғұлов              - Қазақстан Республикасының Парламенті
Марал Серғазыұлы        Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Ким                   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Виссарион Валериевич    Жиынтық-талдау департаментінің директоры

      2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2007 - 2008 жылдардағы жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурсты 2007 жылғы 1 қыркүйекке дейін өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурстың жеңімпазын анықтасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі