Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - мамандандырылған кеңестер) құрылсын:
1) "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес;
2) "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес;
3) "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес;
4) "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес;
5) Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері
жөніндегі мамандандырылған кеңес.
2. Қоса беріліп отырған:
1) мамандандырылған кеңестер туралы ереже;
2) мамандандырылған кеңестердің құрамдары;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 363 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі
мамандандырылған кеңестер (бұдан әрі - кеңестер) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
2. Кеңестер "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі", "Қазына" орнықты даму қоры", "ҚазАгро" ұлттық холдингі", "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамдары және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - қоғамдар) қызметінің негіз қалаушы мақсаттары мен міндеттері жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін құрылады.
3. Кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңестердің міндеттері:
1) қоғамдарды басқару мен дамытудың негіз қалаушы мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу;
2) қоғамдардың мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткізуі жөніндегі қызметіне бағалау жүргізу болып табылады.
5. Кеңестер міндеттерді шешу үшін:
1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөліп, басты стратегиялық мақсаттарды, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерімді айқындау;
2) маңызды салалық бастамалар мен міндеттер;
3) қорытылған тиімділік көрсеткіштері мен рентабельділік коэффициенттер;
4) дивидендтер төлеу деңгейі, қоғамдардың таза кірісін бөлу және қайта инвестициялау;
5) инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бағытталатын қаржы қаражатының орта мерзімді (үш жыл) көлемі;
6) қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жөніндегі мәселелерді қарайды.
6. Кеңестер өздеріне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;
2) кеңестердің отырысына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға;
3) қажеттілігіне қарай қоғамдарды басқарудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестердің қызметін ұйымдастыру
7. Кеңестерді төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі немесе оның орынбасары басқарады. Кеңестердің төрағасы:
1) кеңестердің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) кеңестер отырыстарының Жоспар-кестесін бекітеді;
3) қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды;
4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;
5) кеңестер шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
8. Кеңестердің хатшылары:
1) кеңестер отырыстарының күн тәртібі бойынша материалдар дайындайды;
2) ай сайын хаттамалық шешімдердің орындалуына талдау жүргізеді;
3) кеңестер төрағасының немесе оның орынбасарының келісімі бойынша кеңестердің отырыстарына шақырылған адамдардың тізімін бекітеді;
4) кеңестер мүшелері мен шақырылған адамдарға кеңестер отырыстарының өтетін орны мен уақыты туралы хабарлайды;
5) отырыстар хаттамасын ресімдейді.
9. Кеңестер отырыстарының Жоспар-кестесіне сәйкес отырыстар өткізіледі. Қажет болған жағдайда жоспардан тыс отырыстар өткізілуі мүмкін.
10. Тиісті қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар кеңестердің жұмыс органдары болып табылады.
11. Қаралатын мәселе құзыретіне жататын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар кеңеске дейін тоғыз күн бұрын материалдарды кеңестердің жұмыс органдарына енгізеді.
Кеңестерге материалдардың сапалы дайындалуы мен уақтылы ұсынылуына жауапкершілік мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
12. Жұмыс органдары кеңеске дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей материалдарды кеңестер төрағасымен және оның орынбасарымен келісу үшін оларды кеңестердің хатшыларына ұсынады.
13. Кеңестер отырыстарының материалдары отырысты өткізу тәртібін, қаралатын мәселенің жай-күйі туралы анықтаманы, проблемалық мәселелер мен оларды шешудің ұсынылатын жолдарын, кеңестер отырыстары хаттамасының жобасын қамтуы тиіс.
14. Жұмыс органдары осы кеңесте төрағалық етушідегі хаттамаға қол қойылғаннан кейін тиісті адресаттарға жіберуді қамтамасыз етеді және оның орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
15. Кеңестердің отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде бір айда кемінде бір рет өткізіледі.
16. Жұмыс органдары Кеңестер туралы ережеде айқындалған кеңестердің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
17. Отырыстардың күн тәртібі өзіне кеңестер отырыстарының кеңестерде қаралатын мәселелер тізбесін қамтитын жыл сайынғы жоспар-кестелеріне сәйкес қалыптастырылады.
18. Кеңестер отырыстарының жоспар-кестелерін жұмыс органдары қалыптастырады және кеңес төрағасының бекітуі үшін кеңестердің хатшыларына ұсынылады.
20. Отырыстардың күн тәртіптерін кеңестердің хатшылары кеңестердің мүшелеріне, сондай-ақ өзге де мүдделі адамдарға жібереді.
21. Отырыстар күн тәртіптерінің әрбір мәселесі бойынша шешімдер кеңестердің қатысушы мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беріп қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда кеңестер төрағасының даусы шешуші болып табылады.
22. Кеңестердің шешімдері хаттамалармен ресімделеді. Отырыстар хаттамаларын хатшылар дайындайды және оған кеңестердің отырысқа қатысушы барлық мүшелері қол қояды.
Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде жазылуға және хаттамаларға қоса берілуге тиіс.
23. Кеңестер өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 363 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.24
N 829
, 2008.03.28
N 298
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самұрық"
мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі
мамандандырылған кеңестің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы төраға
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі, төрағаның
орынбасары
Пірматов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ғалымжан Олжаұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич сауда министрі
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы коммуникация министрі
Бозымбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
Қанат Алдабергенұлы жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек Бақытбекұлы байланыс агенттігінің төрағасы
Ричард Эванс - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі қазақстандық холдингі"
акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің
төрағасы, тәуелсіз директор (келісім
бойынша)
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 363 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
"Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамын дамыту
мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.09.24.
N 829
, 2008.03.28
N 298
, 2008.06.28
N 635
Қаулыларымен.
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы төраға
Мусин - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Аслан Есболайұлы орынбасары - Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі, төрағаның орынбасары
Қосынов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Алмас Олжабайұлы және сауда вице-министрі, хатшы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич сауда министрі, төрағаның орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Мирчев Александр - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы,
тәуелсіз директор (келісім бойынша)
Дунаев - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Арман Ғалиасқарұлы қоғамының басқарма төрағасы" (келісім
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 363 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.09.24.
N 829
, 2008.03.28
N 298
, 2008.06.11
N 576
, 2008.06.28
N 635
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту
мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы орынбасары, төраға
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы министрі, төрағаның орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Оспанов - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Берік Серікұлы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
стратегиясы және аграрлық ғылым
департаментінің директоры, хатшы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Смайылов - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік
Әлихан Асханұлы қоғамының басқарма төрағасы (келісім
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 363 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.09.24.
N 829
, 2008.03.28
N 298
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Самғау"
ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын
дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің
құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы төраға
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы министрі, төрағаның орынбасары
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Ыбыраев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Азамат Болатұлы Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму
бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы коммуникация министрі
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич сауда министрі
Есекеев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Қуанышбек Бақытбекұлы байланыс агенттігінің төрағасы
Бүркітбаев - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
Серік Мінуарұлы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 363 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2007.09.24
N 829
, 2008.03.28
N 298
, 2008.06.11
N 576
, 2008.06.28
N 635
Қаулыларымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту
мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің
құрамы
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы орынбасары, төраға
Қосынов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Алмас Олжабайұлы және сауда вице-министрі, хатшы
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы минералдық ресурстар министрі
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Машбекұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Сергеевич сауда министрі, төрағаның орынбасары
Ахметов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Серік Нығметұлы коммуникация министрі
Балиева - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Зағипа Яхянқызы
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Нұрлан Әбділдаұлы ортаны қорғау министрі
Өзбеков - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Өмірзақ Өзбекұлы басқару агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 363 қаулысымен
бекітілген
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы N 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 117
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Самұрық" холдингі" АҚ-тың функциялары" деген 3-бөлімде:
екінші абзац "Мамандандырылған кеңес қабылдаған" деген сөздерден кейін "Самұрық" холдингі" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Самұрық" холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-бөлімде:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бірінші басшылары" деген сөздерден кейін "және өзге де тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
"екі жылда" деген сөздер "бір айда" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 286
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Қазына" АҚ-ның міндеттері" деген 3-бөлімдегі "индустриялық-инновациялық даму саласындағы" деген сөздер "Қазына" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Қазына" АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімнің бірінші абзацта:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бірінші басшылары" деген сөздерден кейін "және өзге де тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
"екі жылда" деген сөздер "бір айда" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 483
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен мақұлданған Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасында:
"Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру тұжырымдамасын іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі" деген 4-тараудың "ӘКК-ні құрудың тетігі" деген 1-параграфында отыз төртінші абзацтағы "Облыс әкімдерінен," деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрліктерінің және басқа да орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларынан," деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 49, 518-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ның функциялары" деген 4-бөлімнің екінші абзацында:
"қоғамдар үшін" деген сөздердің алдынан "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ-ны дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес қабылдаған шешімдер негізінде" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "ҚазАгро" ұлттық холдингі" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 5-1-бөлімнің бірінші абзацында:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"бірінші басшылары" деген сөздерден кейін "және өзге де тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
"екі жылда" деген сөздер "бір айда" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық
компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы
меморандумды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 14 наурыздағы N 192
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
"Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ-ның міндеттері" деген 3-бөлімнің екінші абзацында "өңірлік" деген сөз алынып тасталсын, "корпорациялар" деген сөз "корпорацияларды дамыту" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Сарыарқа" ӘКК" ҰК" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар" деген 6-бөлімде:
бірінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің бірінші басшысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басшылары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрліктерінің және басқа да орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "екі жылда" деген сөздер "бір айда" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 7 мамырдағы
N 363 қаулысына
қосымша
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Мемлекеттік
корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 194
қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 10, 94-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 356 қаулысы .
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 818 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 1079 қаулысы .
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 466-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 356 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1150 қаулысы .
7. "Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттері
мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 наурыздағы N 183
қаулысының
4-тармағы.