Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N 336 Қаулысы.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Судья қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 сәуірдегі
N 336 қаулысымен
бекітілген

Судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және судьяға қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккен (жарақаттанған, жараланған, контузия алған, кәсіптік ауруға шалдыққан) немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Біржолғы өтемақының төленуі оны алуға құқығы бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      3. Судьяның кәсіби қызметпен одан әрі айналысуына мүмкіндік бермейтіндей болып мертігу (жарақаттану, жаралану, контузия алу, кәсіптік ауруға шалдығу), не қаза табу (қайтыс болу) мән-жайлары туралы тергеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия судьяның қызметтік міндеттерін орындауына байланысты мертіккенін (жарақаттанғанын, жараланғанын, контузия алғанын, кәсіптік ауруға шалдыққанын) немесе қаза табу (қайтыс болу) фактісін растайтын қорытынды қабылдаған сәттен бастап сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің кадр қызметі (бұдан әрі – кадр қызметі) күнтізбелік 7 күн ішінде біржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғаларды осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге өтініш (бұдан әрі – өтініш) беріп, мынадай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша хабардар етеді:

      1) судья қызметтік міндеттерін атқару үстінде ауыр немесе жеңіл мертігіп (жарақаттанып, жараланып, контузия алып, кәсіптік ауруға шалдығып), ол мүгедектік белгілеуге әкеп соқтырмаған жағдайда:

      медициналық қорытынды;

      2) судьяның қызметтік міндеттерін атқару үстінде мертігу (жарақаттану, жаралануы, контузия алуы, кәсіптік ауруға шалдығуы) нәтижесінде мүгедек болғаны белгіленген кезде:

      медициналық қорытынды;

      халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің мүгедектік белгіленгені туралы анықтамасының көшірмесі;

      3) судья қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза тапқан (қайтыс болған) не қызметтік міндеттерін атқару үстінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы, кәсіптік ауруға шалдығуы) салдарынан судья өкілеттігін тоқтатқаннан кейін бір жыл ішінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда:

      біржолғы өтемақыны алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      кәмелетке толмаған алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      азаматтық хал актілерін тіркеу органдары берген қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның көшірмесі;

      неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не сот органдарының алимент туралы атқарушылық құжаты, не қамқоршылық туралы құжат, не мұраға құқық туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Біржолғы өтемақы алуға құқығы бар тұлғалар өтініш берген кезде кадр қызметі осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін тексереді және оны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес біржолғы өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналына тіркейді.

      Кадр қызметі өтінішті журналға тіркеп, біржолғы өтемақы алушыға іс қалыптастырады және оны тиісті қаржы қызметіне жібереді.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Қаржы қызметі біржолғы өтемақы сомасы туралы есеп-қисапты іске тіркеп, күнтізбелік 7 күннен аспайтын мерзімде істі біржолғы өтемақы тағайындау күнін көрсетіп, оны төлеу туралы шешім қабылдау үшін:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органының басшысына; немесе

      жергілікті соттың судьясы мертіккен немесе қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшесінің тиісті басшысына ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қаржы қызметі біржолғы өтемақы төлеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын алушының ағымдағы банктік шотына (бұдан әрі – ағымдағы банктік шот) аудару жолымен жүзеге асырады.

      Кәмелетке толмаған алушыға біржолғы өтемақы төлеу өтініш берілген сәттен бастап екі ай ішінде оның өтініште көрсетілген ағымдағы банктік шотына аудару жолымен жүргізіледі, бұл туралы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына немесе оның заңды өкілдеріне бір мезгілде хабарланады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Судьяға қызметтік міндеттерін
орындауына байланысты
мертіккен
(жарақаттанған, жараланған,
контузия алған, кәсіптік ауруға
шалдыққан) немесе қаза тапқан
(қайтыс болған) жағдайда
біржолғы өтемақы төлеу
қағидаларына
1-қосымша

      Кімге _____________________________________

      (уәкілетті орган басшысының Т.А.Ә. (бар болса)

      ________________ мекенжайында тұратын

      _____________________________________

      (өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса)

Біржолғы өтемақы төлеуге өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Сізден ________________________________________________________

      (залалдың орнын толтыру үшін негіздеме көрсетіледі)

      байланысты маған біржолғы өтемақы төлеуді сұраймын.

      Маған тиесілі соманы

      ________________________________________________________________

      (банктің атауы, алушының ағымдағы банктік шотының нөмірі немесе байланыс

      бөлімшесі арқылы аударған жағдайда оның мекенжайы көрсетіледі) аударуды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын: 1. 2. 3.

      Өтініш берушінің қолы 20 __ ж. "__" __________


  Судьяға қызметтік міндеттерін
орындауына байланысты
мертіккен (жарақаттанған,
жараланған, контузия алған,
кәсіптік ауруға шалдыққан)
немесе қаза тапқан (қайтыс
болған) жағдайда біржолғы
өтемақы төлеу қағидаларына
2-қосымша

Біржолғы өтемақы төлеуге арналған өтініштерді тіркеу журналы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.07.2024 № 604 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Өтініш түскен күн

Мертіккен, қаза тапқан судьяның Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Біржолғы өтемақы алушының Т.А.Ә. (бар болса) және оның мекенжайы

Біржолғы өтемақы төлеу үшін негіздеме

Қарау нәтижесі

біржолғы өтемақы сомасы

төлем құжатының нөмірі мен күні

бас тарту себебі

1

2

3

4

5

6

7

8