Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 320 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы N 1266  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 49, 626-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
 
        Шәмшидинова                 - Қазақстан Республикасының Білім
      Күләш Ноғатайқызы             және ғылым вице-министрі

      Ысмайлов                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық
      Жұмағали Қазыбайұлы           сақтау министрлігі Емдеу-алдын
                                    алу жұмысы департаментінің
                                    директоры;

      көрсетілген құрамнан Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы, Байсеркин Бауыржан Сәтжанұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі