Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 284 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі)  250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы N 269  қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 201-1, 201-2, 201-3, 201-4, 201-5, 201-6, 201-7, 201-8, 201-9, 201-10-жолдармен толықтырылсын:
 
  "201-1  Жолаушы кемелері                   8901101000-ден
201-2   Мұнай құю танкерлері               8901201000-ден
201-3   Танкерлік баржалар                 8901209000-ден
201-4   Құрғақ жүк таситын кемелер,
        жабдықтаушы кемелер                8901901000-ден
201-5   Көлік баржалары                    8901909100-ден
201-6   Магистральдық сүйреткіштер, мұз    8904001000-ден
        жарғыш сүйреткіштер
201-7   Басқа да итергіш кемелер           8904009900
201-8   Басқа да жер снарядтары            8905109000
201-9   Кеме қатынасының сапасы олардың    8905901000
        негізгі функцияларымен салыстыр-
        ғанда екінші дәрежелі болып
        табылатын басқа да жүзбелі теңіз
        маяктары, өрт сөндіру кемелері,
        жүзбелі крандар және басқа да
        кемелер; Жүзбелі доктар
201-10  Құтқару кемелері                   8906901000-ден".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі