Запастағы офицерлердi әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы N 210 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының  24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қосымшаға сәйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшiн әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгiленген тәртiппен 2007 жылы екi жыл мерзiмге әскери қызметке шақырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                                    2007 жылғы 19 наурыздағы
                                          N 210 қаулысына
                                               қосымша

2007 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын әскери-есептiк мамандықтар бойынша запастағы офицерлердiң саны

Р/с
N

Әскери-есептiк мамандық

Саны

Офицер

1

мотоатқыштар әскерлер

18

2

танк әскерлер

10

3

артиллерист

129

4

радиотехникалық және әуе шабуылына қарсы
қорғаныс әскерлерi

51

5

автомобиль әскерлерi

8

6

байланыс

47

7

медицина қызметi

24

8

химиялық әскерлер

8

9

тәрбие және құқықтық жұмыс бойынша

45

10

тiл маманы

10

11

қаржылық қамтамасыз ету және әскерлер
қызметiнiң экономикасы

6

12

электрондық-есептеу техникасы және
бағдарламалау жөнiндегi инженер

50

13

тыл

2

14

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн
заңгер

6

15

Қазақстан Республикасының әскери прокуратура
органдар үшiн заңгер

20

16

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгiнiң Әскери-тергеу комитетi үшiн
заңгер

10

17

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
комитетiнiң Шекара қызметi

100

18

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлiгi

4


БАРЛЫҒЫ

548