Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 наурыздағы N 201 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Алкоголь өнiмiне ең төменгi бағалар белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 23 қазандағы N 1592  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 49, 475-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      2-тармақта "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiне" деген сөздер "Қаржы министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      2-бағандағы "258" деген сандар "357" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі