Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қоса берiлiп отырған Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шарттары туралы үлгi ереже (бұдан әрi - Үлгi ереже) бекiтiлсiн.
2. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдар директорлар кеңестерiнiң басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн Үлгi ережеге сәйкес белгiлеуiн қамтамасыз етсiн.
3. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi", "ҚазАгро" ұлттық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарына акцияларының пакеттерiн мемлекет олардың жарғылық капиталына берген акционерлiк қоғамдарға қатысты Yлгi ережеге сәйкес басшы қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн белгiленген тәртiппен айқындау ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 наурыздағы N 194
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 10, 94-құжат):
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк корпоративтiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес туралы ережеде:
5-тармақтың 5) тармақшасындағы "мәселелерi" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) компаниялардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу";
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Индустриялық- инновациялық даму саласындағы мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 3 мамырдағы N 356
қаулысында
:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес туралы ережеде:
5-тармақтың 5) тармақшасындағы "мәселелерi" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) компаниялардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу".
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 наурыздағы
N 183 қаулысымен
бекiтiлген
Ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шарттары туралы үлгi ереже
Осы Yлгi ереже ұлттық компаниялар мен акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi акционерлiк қоғамдардың (бұдан әрi - ұйымдар) басшы қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу және уәждеу мәселелерiнде бiрыңғай тәсiлдердi қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi.
жалақы - басшы қызметкердiң функционалдық мiндеттерi мен жауапкершiлiк деңгейiн ескере отырып, белгiленетiн айлық лауазымдық жалақы;
бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы - қол жеткiзiлген табыстарын материалдық көтермелеу және жұмыс тиiмдiлiгiн арттыруды ынталандыру мақсатында жұмыс нәтижелерiне қарай жылына бiр рет төленетiн бiр жолғы сыйақы.
2. Ұйымның басшы қызметкерлерiне:
бiрiншi басшы (президент, Басқарма төрағасы және тағы басқалары);
басшының орынбасары (вице-президент, Басқарма төрағасының орынбасары және тағы басқалары);
атқарушы органның (Басқарманың) мүшесi жатады.
3. Ұйымның басшы қызметкерлерiне еңбекақы төлеу ұйымның ағымдағы қаржы жылына арналған бюджетiнде еңбекақы төлеуге көзделген қаражат есебiнен жүргiзiледi.
4. Ұйымның басшы қызметкерi жалақысының мөлшерi, бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы алуға құқығы заңнамада белгiленген тәртiппен жасалатын жеке еңбек шартында айқындалады.
5. Осы Үлгi ереже ұйымға белгiленген тәртiппен тартылатын шетелдiк мамандар - басшы қызметкерлерге қолданылмайды. Көрсетiлген шетелдiк мамандарға еңбекақы төлеу шарттары ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен айқындалады.
7. Ұйымның басшы қызметкерлерiнiң өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен жұмыс сапасын арттыруға материалдық қызығушылығын күшейту үшiн бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу жүргiзiледi.
8. Бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақының мөлшерi әрбiр басшы қызметкердiң қызметiн бағалауға деген жеке тәсiл негiзiнде айқындалады және ұйымның даму жоспарының (қаржы-шаруашылық қызметi жоспарының) сапалық және сандық көрсеткiштерiне байланысты.
9. Ұйымның басшы қызметкерлерiне бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеудiң тәртiбi мен шарттары ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен айқындалады.
10. Басшы қызметкерлерге бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы аудит жасалған қаржылық есептiлiк негiзiнде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн қаржы жылының нәтижелерi бойынша төленедi.
11. "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi", "ҚазАгро" ұлттық холдингi" және "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлiк қоғамдарының, сондай-ақ акцияларының пакеттерiн мемлекет жоғарыда айтылған акционерлiк қоғамдардың жарғылық капиталына берген акционерлiк қоғамдардың басшы қызметкерлерiнiң жалақысы мен бiр жылғы жұмыс қорытындылары бойынша сыйақысының шектi мөлшерi тиiстi Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мамандандырылған Кеңестердiң ұсынымдары негiзiнде ұйымның Директорлар кеңесiнiң шешiмiмен айқындалады.