Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 178 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      1) "Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 69-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеудiң, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiнде:
      3-тармақтың үшiншi абзацы:
      "қожалығы" деген сөзден кейiн "кәмелетке толған" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Шаруа (фермер) қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиiс.";

      5-тармақтың төртiншi абзацы "қожалығы" деген сөзден кейiн "кәмелетке толған" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-2-тармақтың екiншi абзацындағы "теңгемен" деген сөз "ұлттық валютамен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35-4-тармақ "шот болмаған" деген сөздерден кейiн "немесе агенттiң банктiк шотындағы (шоттарындағы) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетiлген Ережеге 2-қосымша "шоттар болмаған" деген сөздерден кейiн "немесе агенттiң банктiк шотындағы (шоттарындағы) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) "Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 25, 323-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әлеуметтiк аударымдарды есептеу ережесiнде:
      18-1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "шот болмаған" деген сөздерден кейiн "немесе төлеушiнiң банктiк шотында (шоттарында) ақша жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi