Акциздердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз ету және акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң заңсыз өндiрiсi мен айналымын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1254
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 600-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. 2007 жылғы 15 сәуiрден бастап алкогольдiк өнiмдi жаңа үлгiдегi есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгiзiлсiн.
2-2. Ескi үлгiдегi есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау 2007 жылғы 1 маусымға дейiн жүргiзiледi.";
2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Алкоголь өнiмiн өндiрушiлер мен импорттаушылар, алкоголь өнiмiн сақтауды және сатуды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар отандық және импорттық өндiрiстiң алкоголь өнiмiн ескi үлгiдегi есепке алу-бақылау таңбаларымен сатуды 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейiн жүзеге асырады деп белгiленсiн.";
3) 5-тармақта:
1) тармақшада "есепке алу-бақылау таңбаларымен" деген сөздердiң алдынан "жаңа үлгiдегi" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) 2007 жылғы 1 мамырға дейiн есепке алу-бақылау таңбаларын дайындайтын ұйымды айқындайтын тендер өткiзсiн және тендердiң жеңiмпазымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт жасассын;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалана отырып, алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi мен айналымына бақылау жүйесiнiң үздiксiз жұмыс iстеуi мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға тендердiң жеңiмпазынан алкоголь өнiмiне арналған есепке алу-бақылау таңбаларының бiрiншi легi алынғанға дейiн есепке алу-бақылау таңбаларын дайындауға шарт (келiсiм) жасассын;";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiнде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Есепке алу-бақылау таңбаларымен мiндеттi түрде таңбалауға жататын алкоголь өнiмi есепке алу-бақылау таңбаларымен осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша таңбаланады.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 11 наурыздағы
N 177 қаулысына
қосымша
Шарап материалдары мен сыраны
қоспағанда, алкоголь өнiмiн есепке
алу-бақылау таңбаларымен таңбалау ережесiне
қосымша
Алкоголь өнiмiне арналған есепке алу-бақылау таңбасының нысаны
(суреттің нұсқасын қағаз мәтіннен қараңыз)