Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 9 желтоқсандағы N 1187 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудiң 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 1.1-тармағын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнiндегi республикалық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңестiң құрамы;
2) Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 11 наурыздағы
N 174 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнiндегi республикалық кеңестiң құрамы
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Жансейiт Қансейiтұлы және ғылым министрi, төраға
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Өтешев - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Нұрлан Сүлейменұлы ғылым министрлiгi Жастар саясаты
департаментiнiң директоры, хатшы
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Азамат Құрманбекұлы және ғылым вице-министрi
Жанасаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Бақытжанұлы министрiнiң орынбасары
Жошыбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Рәпiл Сейiтханұлы министрiнiң орынбасары
Қасымов - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Құлмұханбет Нұрмұханбетұлы вице-министрi
Омаров - Қазақстан Республикасының
Қадыр Тоқтамысұлы Денсаулық сақтау вице-министрi
Қожамжаров - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Темiрболат Жанайдарұлы министрлiгi Халыққа құқықтық көмек
және заңгерлiк қызмет көрсетудi
ұйымдастыру комитетiнiң төрағасы
Өтепов - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Шынтас Сарбасұлы қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара
қызметi директорының орынбасары -
кадр, тәрбие және әлеуметтiк-
құқықтық жұмыс бас басқармасының
бастығы, генерал-майор
Черкасов - Қазақстан Республикасының Президентi
Юрий Петрович Әкiмшiлiгiнiң Әлеуметтiк-саяси
бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi
орынбасары
Жолдасбаева - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Нұрлығайым Шалданқызы Сенаты Әлеуметтiк-мәдени даму
комитетiнiң мүшесi, депутат (келiсiм
бойынша)
Нөкетаева - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Динар Жүсiпәлиқызы Мәжiлiсi Әлеуметтiк-мәдени даму
комитетiнiң мүшесi, депутат (келiсiм
бойынша)
Әбенов - Қызылорда облысы әкiмiнiң орынбасары
Мұрат Әбдiләмитұлы
Ақсақалов - Жамбыл облысы әкiмiнiң орынбасары
Құмар Iргебайұлы
Аманшаев - Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары
Ермек Әмiрханұлы
Бекмағанбетов - Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары
Ғалым Мәдешұлы
Бектұрғанов - Қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары
Серiк Шыңғысұлы
Жұмабекова - Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары
Рысты Мағауияқызы
Қайненов - Атырау облысы әкiмiнiң орынбасары
Қилымғали Қайненұлы
Мұқанов - Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары
Серiк Мейiрханұлы
Мырзалин - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Мәлiк Кеңесбайұлы орынбасары
Мурзин - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Алмат Зарлықұлы орынбасары
Мыңбай - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Дархан Қамзабекұлы орынбасары
Рахымжанов - Ақтөбе облысы әкiмiнiң орынбасары
Әмiрхан Мұратбекұлы
Сейдуманов - Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары
Серiк Тұрарұлы
Сейiтмағанбетова - Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары
Гүлнар Сүлейменқызы
Өтемiсов - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Шавхат Әнесұлы орынбасары
Сәдуақасов - Қазақстан халықтары Ассамблеясы
Қайрат Құтымұлы Хатшылығы меңгерушiсiнiң орынбасары
Перуашев - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерi
Азат Тұрлыбекұлы мен жұмыс берушiлерi жалпыұлттық
одағының басқарма төрағасы
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасы Мәдениет және
Мырзатай Жолдасбекұлы ақпарат министрлiгi "Президенттiк
мәдениет орталығы" мемлекеттiк
мекемесiнiң директоры
Әбдiманапов - Қазақстан жоғары оқу орындарының
Сәрсенғали Әбдiғалиұлы ректорлары кеңесiнiң төрағасы,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетiнiң ректоры
Хаматдинова - "Нұр Отан" халықтық демократиялық
Алина Наильевна партиясының "Жас Отан" жастар қанаты
республикалық кеңесi төрағасының
бiрiншi орынбасары
Жапақов - "Әдiлет" демократиялық партиясының
Қуаныш Асылбекұлы аппарат басшысы
Есенғұлов - Қазақстанның патриоттар партиясы
Айтқали Ғұсманұлы төрағасының орынбасары
Кәрiмбаев - Қазақстан жастары конгресiнiң
Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы атқарушы директоры
Манкеев - "Жасыл ел" республикалық штабының
Мұхтар Наурызбайұлы төрағасы
Бақытбеков - Қазақстан студенттерi альянсының
Нағи Қалтайұлы көшбасшысы
Палаев - "Қазақстанның ауыл жастары одағы"
Василий Владимирович қоғамдық жастар бiрлестiгiнiң
төрағасы
Райымбердиев - Бекзат Саттарханов атындағы "Намыс"
Талжан Пердешұлы жастар қоғамдық бiрлестiгiнiң
төрағасы
Тортаев - "Адам" стратегиялық зерттеулер қоры"
Төлеген Қабдыисламұлы қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы
Мұқышев - "Қазақстан Республикасы
Бекболат Бапанұлы ардагерлерiнiң ұйымы" қоғамдық
бiрлестiгi төрағасының орынбасары
Пашевич - "Боевое братство" жергiлiктi
Сергей Владимирович соғыстар мен әскери қақтығыстар
ардагерлерi (қатысушылары) одағының
президентi
Өтегенов - Қазақстан Республикасындағы
Шәрiпбай Әбдiлмәлiкұлы Ауғанстан және жергiлiктi соғыстар
ардагерлерi одағының төрағасы
Костенко - Ақмола облысы және Астана қаласы
Людмила Ивановна жауынгерлерiнiң аналары комитетiнiң
төрайымы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 11 наурыздағы
N 174 қаулысымен
бекiтiлген
Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнiндегi республикалық кеңес туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнiндегi республикалық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Кеңестiң мiндетi мен функциялары
3. Кеңестiң мiндетi Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудiң 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) iске асыру жөнiндегi қызметтi үйлестiру болып табылады.
4. Жүктелген мiндеттi iске асыру мақсатында Кеңес мынадай функцияларды орындайды:
1) азаматтарға патриоттық тәрбие беру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды нығайту және кеңейту жөнiнде ұсынымдар әзiрлейдi;
2) Бағдарламаны тиiмдi iске асыруға және елдiң азаматтарын қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған iс-шаралар кешенiн өткiзу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.
3. Кеңестiң құқықтары
5. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттi iске асыру мақсатында:
1) мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыруға қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға;
2) мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Кеңестiң отырыстарына шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.
4. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
6. Кеңес төрағасы оның қызметiне басшылық жасайды, Кеңестiң отырыстарында төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Кеңес әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауапты болады.
Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.
7. Кеңес хатшысы Кеңестiң жұмысын ұйымдастырады, қажеттi материалдарды дайындауды жүзеге асырады және отырыстардың хаттамаларын ресiмдейдi. Хатшы Кеңес мүшесi болып табылмайды.
8. Кеңес отырыстарына материалдар оның өткiзiлуiне дейiн кемiнде 3 күн қалғанда Кеңес мүшелерiне жiберiледi. Отырыстың күн тәртiбiн, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңес мүшелерiнiң келiсiмi бойынша Кеңес төрағасы айқындайды.
9. Кеңес отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кеңес мүшелерi Кеңес қызметiне алмастыру құқығынсыз қатысады.
Кеңес отырысы күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша шешiмдер Кеңес мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасы дауыс берген шешiм қабылданған болып саналады.
Кеңес отырыстарын өткiзу нәтижелерi бойынша оның барлық мүшелерi мiндеттi түрде қол қоятын хаттама толтырылады.
Кеңес мүшелерi айрықша пiкiр құқығына ие, ол бiлдiрiлген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға қоса тiркелуге тиiс.
10. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады.
5. Кеңестiң қызметiн тоқтату тәртiбi
11. Кеңес өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде тоқтатады.