Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1243 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы N 162 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының патенттiк жүйесiн дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1243  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының патенттiк жүйесiн дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Патенттiк қызметтiң инфраструктурасын дамыту" деген 4.6-бөлiмнiң жетіншi және сегiзiншi абзацтары алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі