Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 10 мамырдағы N 377 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 ақпандағы N 161 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi көлік стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 10 мамырдағы N 377  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi көлiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      "Әуе көлiгiнде" деген 5-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 5.3-жолдың 3-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулысының жобасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрінің бұйрығы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi