Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Атырау бекiре балық өсiру зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 ақпандағы N 144 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Атырау бекiре балық өсiру зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң "Орал-Атырау бекiре балық өсiру зауыты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын тиiстi шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi" деген бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 44-115-жол алынып тасталсын;

      2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 1-жол алынып тасталсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі