Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң қарызы шеңберiнде "Қарлығаш" шаруа қожалығына берiлген кредит бойынша борышты аудару туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 ақпандағы N 128 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң  186-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiнiң қарызы шеңберiнде "Қарлығаш" шаруа қожалығына берiлген кредит бойынша борышты "Алмас" шаруа қожалығына аудару жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен және "Медетшi қор" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Алмас" шаруа қожалығымен қосымша келiсiмдер жасассын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi