Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы N 104 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Әлеуметтiк мәнi бар облысаралық қатынастарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1185  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., N 45, 562-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      20, 36, 37 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Петропавл - Қызылорда;
      36. Қарағанды - Ақтоғай;
      37. Астана - Қызылту;
      45. Астана - Маңғыстау;";
      мынадай мазмұндағы 55, 56, 57-тармақтармен толықтырылсын:
      "55. Алматы - Сарыағаш;
      56. Астана - Тобыл;
      57. Астана - Жезқазған.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі