Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi болып тағайындалсын.
2. Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi мiндетiнен босатылсын.
3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 ақпандағы N 104
қаулысына
мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақта "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Аслан Есболайұлы Мусин" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 8 ақпандағы
N 90 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 2 шiлдедегi N 643
қаулысы
.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 сәуiрдегi N 418
қаулысы
.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 8 маусымдағы N 523
қаулысы
.