Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214 қаулысына өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 89 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214  қаулысына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" деген 2-бөлiмде:
      "Фитосанитарлық диагностика және болжамдар республикалық әдiстеме орталығы" деген жолдағы "848" деген сандар "943" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi