Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiнде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 4 қыркүйектегi N 836 қаулысына :
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген, Республикалық меншiкке жататын объектiлерге қатысты концессиялар жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Мәсiмов - Қазақстан Республикасының
Кәрiм Қажымқанұлы Премьер-Министрi, төраға
Супрун - Қазақстан Республикасының
Виктор Васильевич Экономика және бюджеттiк
жоспарлау вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Бақыт Тұрлыханұлы вице-министрi;
көрсетiлген құрамнан Ахметов Даниал Кенжетайұлы, Палымбетов Болат Әбiлқасымұлы, Смайылов Әлихан Асханұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі