Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының инфрақұрылымын құру болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен қоғамның жарғылық капиталын 1500000000 (бiр миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерiнде республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қалыптастыруды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қоғамның Жарғысын бекiтудi және қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiне берсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-106-жолмен толықтырылсын:
"123-106. "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы" АҚ";
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 301-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгiне
301. "Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы" АҚ".
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі