Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мемлекеттiк мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қаңтардағы N 53 Қаулысы

Қолданыстағы

      Әдiлет органдары қылмыстық-атқару жүйесiнiң бюджет қаражаты мен штат санын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ЛА-155/13 мекемесi" мемлекеттiк мекемесi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ЛА-155/17 мекемесi" мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "ЕЦ-166/24 мекемесi" мемлекеттiк мекемесi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң "EЦ-166/21 мекемесi" мемлекеттiк мекемесiн қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Мемлекеттiк мекемелер" деген 2-бөлiмде:
      реттiк нөмiрлерi 9, 23-жолдар алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі