"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405
қаулысына
мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiнде:
1-тармақтың үшiншi абзацы "оларды" деген сөздiң алдынан "заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға қаражат бөлудi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақ ", соңғылары болмаған жағдайда бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiштi қарамай қайтарады." деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақта:
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе" деген сөздерден кейiн "тиiстi" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен шұғыл шығындарға ақша бөлу туралы шешiмiнiң жобасына осы мемлекеттiк орган ақша бөлу туралы оң қорытындының көшiрмесiн қоса бередi.";
5-бөлiмнiң тақырыбындағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiн" деген сөздер "Резервтi" деген сөзбен ауыстырылсын;
19-тармақта:
бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Сот шешiмдерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының және аумақтық бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерiн орындау сот атқару құжаттары болған жағдайда Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң сот шешiмдерi бойынша мiндеттемелердi орындауға арналған резервiнен қамтамасыз етiледi.";
екiншi және үшiншi абзацтардағы "мемлекеттiк органдар" деген сөздерден кейiн ", олардың ведомстволары және аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтағы "мемлекеттiк органдардың" деген сөздерден кейiн ", олардың ведомстволарының және аумақтық бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
6-бөлiмнiң тақырыбындағы "Жергiлiктi атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервiн" деген сөздер "Резервтi" деген сөзбен ауыстырылсын;
22-тармақта:
"шешiмдерi бойынша" деген сөздерден кейiн "тиiстi" деген сөзбен толықтырылсын;
"жергiлiктi атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған" деген сөздер "сот шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейдегi атқарушы органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Сот шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi атқарушы орган дайындайды.
Бұл ретте мүдделi жергiлiктi атқарушы органдар осы Ереженiң 22-тармағының сақталғанын растайтын материалдардың көшiрмелерiн сот шешiмдерi бойынша тиiстi жергiлiктi атқарушы органның мiндеттемелерiн орындауға арналған облыстық немесе аудандық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасына қоса бередi.";
7-бөлiмнiң тақырыбында:
"облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын" деген сөздер "облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң" деген сөздерден кейiн "ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
24-тармақта:
"облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын" деген сөздер "облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кассалық алшақтық пайда болған жағдайда" деген сөздер "ағымдағы қаржы жылында қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-26-тармақтардағы "облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын" деген сөздер "ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
27-тармақта:
"кассалық алшақтығын" деген сөздер "қолма-қол ақша тапшылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң" деген сөздерден кейiн "ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
28-тармақта:
"облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң кассалық алшақтығын" деген сөздер "облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Yкiметінiң" деген сөздерден кейiн "ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
8-бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiн пайдалану тәртiбi";
29-тармақта:
"кассалық алшақтығын" деген сөздер "қолма-қол ақша тапшылығын" деген сөздермен ауыстырылсын;
"кассалық алшақтық пайда болған жағдайда" деген сөздер "ағымдағы қаржы жылында олардың бюджеттерiнде қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда" деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға арналған облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу үшiн аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi бюджеттi атқару жөнiндегi облыстық уәкiлеттi органға тиiстi негiздемелермен және есептеулермен бiрге облыстық деңгейдегi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiш бередi.";
31-тармақтағы "облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң кассалық алшақтығын жабуға" деген сөздер "ол ағымдағы қаржы жылында болжанған жағдайда аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығын жабуға арналған облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға арналған облыстық деңгейдегi атқарушы органдардың резервiнен бюджеттiк кредит беру қаржы жылы шегiнде алты айға дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады және жергiлiктi бюджеттердi нақтылауды талап етпейдi.
33. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң өтiнiшi бойынша оң қорытынды берiлген кезде ағымдағы қаржы жылында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерiнiң қолма-қол ақша тапшылығы болжанған жағдайда оны жабуға арналған облыстық деңгейдегi жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнен ақша бөлу туралы шешiмнiң жобасын бюджеттi атқару жөнiндегi облыстық уәкiлеттi орган облыс әкiмдiгiнiң қарауына енгiзедi.";