Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Көктал" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 қаңтардағы N 27 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Көктал" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны таратылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң "Көктал" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 ақпандағы N 160  қаулысының 3-тармағынан басқасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 88-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі