Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қаңтардағы N 22 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру және олардың қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 274  Жарлығын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Пилоттық жоба ретiнде оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ӘКК ҰК" АҚ) құрылысын және Астана қаласы оның орналасатын жерi болып белгiленсiн.

      2. "ӘКК ҰК" АҚ қызметiнiң негiзгi мәнi мемлекеттiк және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлiк әдiс негiзiнде бiрыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшiн қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңiрлердi әлеуметтiк дамытуға бағытталған бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның iшiнде осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында бекiтiлген пайдалы қазбалар түрлерi мен қорлары көлемiнiң тiзбесiне сәйкес кең таралған пайда қазбаларды барлау, өндiру, қайта өңдеу жолымен Ақмола, Қарағанды облыстарын және Астана қаласын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      "ӘКК ҰК" АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн;
      "ӘКК ҰК" АҚ-ны оның орналасуы үшiн ғимаратпен қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп:
      1) "ӘКК ҰК" АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджеттiң қаражатынан 2000000000 (екi миллиард) теңге мөлшерiнде қалыптастыруды;
      2) "ӘКК ҰК" АҚ-ның жарғысын әзiрлеудi және бекiтудi;
      3) "ӘКК ҰК" АҚ-ны Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      4. Осы қаулының 1, 3-тармақтарында көзделген iс-шараларды орындағаннан кейiн "ӘКК ҰК" АҚ-ға "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" акционерлiк қоғамын қосу жолымен оны қайта ұйымдастырсын.

      5. Қоса берiлiп отырған:
      1) "ӘКК ҰК" АҚ барлауды, өндiрудi және қайта өңдеудi жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның iшiнде кең таралған пайдалы қазбалар түрлерi мен қорлары көлемiнiң тiзбесі;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар бекітілсін.

      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, екi апта мерзiмде:
      1) "ӘКК ҰК" АҚ қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандумның жобасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      7. Ақмола және Қарағанды облыстарының, Астана қаласының әкiмдерi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) 2007 жылғы 20 қаңтарға дейiн коммуналдық меншiк объектiлерiн түгендеудi аяқтасын және олардың нәтижелерiн "ӘКК ҰК" АҚ-ның қарауына берсiн;
      инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды жүзеге асыру үшiн "ӘКК ҰК" АҚ-ға коммуналдық меншiк объектiлерiн берудi қамтамасыз етсiн;
      2007 жылғы 20 қаңтарға дейiн:
      инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларға қатысу үшiн жер учаскелерiн "ӘКК ҰК" АҚ-ға жеке меншiкке немесе жердi пайдалануға берудi;
      "ӘКК ҰК" АҚ-ның концессиялардағы үлесi сияқты жер қойнауын пайдалану құқығымен пайдалы қазбаларды әзiрлеуге, өңiрлiк индустриялық және технологиялық парктердi ұйымдастыруға, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарына қатысуын;
      жер учаскелерiнiң және ауыл шаруашылығы өндiрiсi ысырабының құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды iске асыру шеңберiнде "ӘКК ҰК" АҚ-ның үлесiне жатқызуды қамтамасыз етсiн; 
      2) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiмен бiрлесiп, 2007 жылғы 1 сәуірге дейiнгi мерзiмде қордағы жердi, оның iшiнде арнайы жер қорының; құрылыстан бос елдi мекендердiң; астында пайдалы қазбалар бар; өңiрлiк индустриялық және технологиялық парктердi орналастыруға арналған; олардың алаңы мен шекарасын анықтай отырып, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарының жерiн түгендеудi аяқтасын және түгендеу нәтижелерiн "ӘКК ҰК" АҚ-ның қарауына берсiн.

      8. Мүдделi мемлекеттiк органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берiлетiн активтердiң құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобалардың шеңберiнде "ӘКК ҰК" АҚ-ның үлесiне жатқызуды қамтамасыз етсiн.

      9. Осы қаулының 7-тармағы 1) тармақшасының нормалары мыналарға: мемлекеттiк жер пайдаланушыларға; жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бақ өсiру, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша мен жеке ауланы ұстау үшiн; заттай гранттар ретiнде; еркiн экономикалық аймақтарға берiлетiн жер учаскелерiне қолданылмайды.

      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi А.Е.Мусинге жүктелсiн.

      11. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 15 қаңтардағы
N 22 қаулысымен   
бекiтiлген  

     "ӘКК ҰК" АҚ барлауды, өндiрудi және қайта өңдеудi жүзеге
    асыра алатын пайдалы қазбалар, оның iшiнде кең таралған
    пайдалы қазбалар түрлерi мен қорлары көлемiнiң тiзбесi
__________________________________________________________________
N |        Пайдалы қазба       |   Өлшем бірлігі  |   Қорлар 
__|____________________________|__________________|_______________

1   Мыс                             мың т            200-ге дейiн
2   Қорғасын мен мырыш              мың т            300-ге дейiн
3   Марганец рудалары               млн.т            7-ге дейiн
4   Темiр рудалары                  млн.т            50-ге дейiн
5   Боксит рудалары                 млн.т            10-ға дейiн
6   Никель                          мың т            7-ге дейiн
7   Қалайы
    түпкілікті                      мың т            5-кe дейiн
    шашыранды                       мың т            1-ге дейiн
8   Вольфрам 
    түпкілікті                      мың т            50-ге дейiн
    шашыранды                       мың т            1-ге дейiн
9   Титан-циркон                    мың т            300-ге дейiн
10  Көмiр 
    энергетикалық                   млн.т            300-ге дейiн
    қоңыр                           млн.т            400-гe дейiн
11  Тальк                           млн.т            барлық қорлар
12  Магнезит                        млн.т            барлық қорлар
13  Волластонит                     млн.т            барлық қорлар
14  Хризотил астбесi                млн.т            барлық қорлар
15  Графит                          млн.т            барлық қорлар
16  Мусковит                        млн.т            барлық қорлар
17  Вермикулит                      млн.т            барлық қорлар
18  Битумдар                        млн.т            барлық қорлар
19  Кең таралған пайдалы қазбалар   млн.т            барлық түрлер
                                                       мен қорлар

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 15 қаңтардағы 
N 22 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акңияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-85-жолмен толықтырылсын:
      "21-85. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ".

      2. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 237-26-жолмен толықтырылсын:
      "237-26. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ.

      3. "Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы N 82  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 8, 101-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген ұлттық компаниялардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 15-жолмен толықтырылсын:
      "15. "Сарыарқа" әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ".

      4. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1237  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 47, 586-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      "Акционерлік қоғамдар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:      
      "13. "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ".