Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. "Қазақстан Республикасы жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650
қаулысына
мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерiнде:
"Жүргiзушiлердiң жалпы мiндеттерi" деген 2-бөлiмнiң 2.1.1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"жүргізушi куәлiгiнiң талоны;".
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жүргiзушi куәлiгi талонының үлгiсiн, оны тiркеу, ресiмдеу, жүргiзушi куәлiгiнiң талонына әкiмшiлiк жазаларды және өзге де функцияларды белгiлеу тәртiбiн бекiтсiн.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы