Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 2 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 220 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1247  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "ҚазАгро" ұлттық холдингi" акционерлiк қоғамы қызметiнiң негiзгi қағидаттары туралы меморандум мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен толықтырылсын:
      " 5-1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "ҚазАгро" 
      ұлттық холдингi" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "ҚазАгро" ұлттық холдингi" АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган - Мамандандырылған Кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешiмдi және қызметi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары басқаратын Мамандандырылған Кеңестiң құрамына Экономика және бюджеттiк жоспарлау, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнiң бiрiншi басшылары кiредi. Мамандандырылған Кеңес екi жылда бiр рет орта мерзiмдi негізде қоғамдарды басқару жөнiндегi негiз қалаушы мақсаттар мен мiндеттер бойынша ұсынымдар әзiрлеудi жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткiзудi бағалауды жүргiзедi.
      Мамандандырылған Кеңес өз қызметiн тұрақты негiзде жүзеге асырады және кемiнде екi жылда бiр рет отырыс өткiзедi. Мамандандырылған Кеңестiң қызметiн ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етудi Мамандандырылған Кеңестiң қызметi туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады. 
      Мемлекеттiк органдардың Компаниялардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауға негiзделген олардың қызметiне араласуына жол берiлмейдi".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы