Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерiн - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 Қаулысы

Жаңартылған

      Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына  Жолдауын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Осы қаулыға  1-қосымшаға  сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер) құрылсын.

      2. Мемлекеттiк мекемелер қызметiнiң негiзгi мәнi осы қаулыға  2-қосымшаға  сәйкес "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтiнiштердi қабылдау және ресiмделген құжаттарды беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету болып белгiленсiн.

      3. Мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекiтудi және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгерiстер бекiтiлсiн.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 5 қаңтардағы 
N 1 қаулысына     
1-қосымша     

Құрылатын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесi

      1. Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      2. Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      3. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      4. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      5. Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      6. Алматы қаласы Түрксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      7. Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      8. Алматы қаласы Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      9. Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      10. Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      11. Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
      12. Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      13. Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      14. Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      15. Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      16. Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      17. Қарағанды қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      18. Қарағанды қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      19. Қарағанды қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      20. Қарағанды қаласының N 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      21. Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      22. Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көpceту орталығы 
      23. Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      24. Шымкент қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      25. Шымкент қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
      26. Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      27. Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
      28. Өскемен қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      29. Өскемен қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
      30. Өскемен қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2007 жылғы 5 қаңтардағы  
N 1 қаулысына      
2-қосымша      

"Жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтiнiштердi қабылдау және ресiмделген құжаттарды беру жөнiндегi мемлекеттiк қызметтер түрлерiнiң тiзбесi

       1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы әдiлет органдары көрсететiн мыналарды ресiмдеу жөнiндегi қызметтер :
      паспорт және жеке куәлiк;
      уақытша жеке куәлiк;
      азаматтарды тұрғылықты жерi бойынша тiркеу жүргiзiлгендiгi (тiркеуден алынғандығы) туралы белгiсi бар азаматтарды тiркеу кiтабы;
      азаматтық хал-актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiк;
      мынадай заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу, тiркеу туралы құжаттар;
      акционерлiк қоғам;
      мемлекеттiк кәсiпорын;
      мемлекеттiк мекеме;
      мекеме;
      тұрғын үй-құрылыс кооперативi және тұрғын үй кооперативi;
      үй жайлар (пәтер) иелерi кооперативi;
      селолық тұтыну кооперативi;
      өндiрiстiк кооператив;
      тұтынушылар кооперативi;
      коммандиттiк серiктестiк;
      толық серiктестiк;
      жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
      қоғамдық бiрлестiк;
      дiни бiрлестiк;
      қор;
      қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгi;
      адвокаттар алқасы, нотариалдық палаталар, аудиторлар палаталары;
      филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, қайта тiркеу, заңды тұлғалардың таратылуын тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептен шығару туралы құжаттар;
      заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасы;
      мiндеттi түрде тiркелуге жатпайтын жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге, жылжымалы мүлiк кепiлдiгiне құқықтарға (ауыртпалықтарға) жүргiзiлген тiркеу туралы тiркеу органының белгiсi бар құқық белгiлейтiн құжаттың түпнұсқасы (нотариалды расталған көшiрмелер); 
      жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
      кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк; 
      жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;
      жылжымайтын объектiлер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәләндырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерi.

       2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органдар арқылы көрсетiлетiн қызметтер*

      Әдiлет органдары мыналарды ресiмдеу бойынша:
      туу туралы куәлiктi;
      тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру туралы куәлiктi;
      некенi бұзу туралы куәлiктi;
      жылжымайтын объектiлердiң техникалық паспортын.
      Қорғаныс министрлiгi органдары мыналарды ресiмдеу бойынша:
      запастағы офицерлердi әскери есепке қабылдауды және шығаруды;
      запастағы солдаттарды, сержанттарды әскери есепке қабылдауды және шығаруды;
      әскерге шақырылушыларды әскери есепке қабылдауды және шығаруды;
      жеңiлдiгi бар адамдарға (ҰОC-ғa қатысушыларға, Чернобыль авариясын жоюшыларға, интернационалист жауынгерлерге) анықтаманы;
      адамдарға әскери қызметтен өткенiн растау туралы анықтаманы ресiмдейдi.
      Жергiлiктi атқарушы органдар жеке тұлғаларға мыналарға арналған құқықтар aктісін ресiмдеу бойынша:
      жер учаскесiне жеке меншiкке;
      жердi тұрақты пайдалануға;
      жердi уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) пайдалануға (жалға алуға);
      жердi уақытша өтеусiз пайдалануға.

       Ескерту :
      * осы Тiзбенiң 2-бөлiмiнде көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу жөнiнде өтiнiш берушi қандай ұйымға жүгiнуге болатынын (халыққа қызмет көрсету орталығына немесе уәкiлеттi органға) дербес анықтайтын қызметтер түрлерiнiң тiзбесi.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2007 жылғы 5 қаңтардағы 
N 1 қаулысымен     
бекiтiлген     

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген толықтырулар мен өзгерiстер

      1.  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы   N 1400  (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:
      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң халыққа қызмет көрсету орталықтарында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-жолдармен толықтырылсын:
      "7. "Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      8. "Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi 
      9. "Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      10. "Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      11. "Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      12. "Алматы қаласы Түрксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      13. "Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      14. "Алматы қаласы Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      15. "Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      16. "Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      17. "Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      18. "Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      19. "Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      20. "Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      21. "Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      22. "Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      23. "Қарағанды қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттік мекемесi
      24. "Қарағанды қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      25. "Қарағанды қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      26. "Қарағанды қаласының N 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi 
      27. "Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      28. "Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      29. "Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      30. "Шымкент қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      31. "Шымкент қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      32. "Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      33. "Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      34. "Өскемен қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      35. "Өскемен қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
      36. "Өскемен қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi".

      3. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 5 наурыздағы N 214  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi" деген 11-бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Халыққа қызмет көрсету орталықтары                   1136".

      4. "Астана және Алматы қалаларында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 мамырдағы N 501  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 21, 263-құжат):
      тақырыбындағы "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтағы "Астана және Алматы қалаларындағы" деген сөздер алынып тасталсын.