Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 470т Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне және "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi бойынша:
      көрсетiлген қаулыға  38-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 5-жолының 5-бағанында ", Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Астана қаласындағы iшкi аумағының асфальт жабындысын күрделi жөндеу" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрінің 
      міндетін атқарушы