Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 470п Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2006 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 88-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны реттік нөмірі 2-жолдың бірінші абзацында "шамамен 2,8-3,0 млн. гектар" деген сөздер "шамамен 3,0-3,2 млн. гектар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі