Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 237-1-қосымшада :
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі:»"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы»"Мемлекеттік авиациялық орталық"»республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру және маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қарашадағы N 1085 қаулысы.";
"Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспар" деген 6-тармақ кестесінде:
5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұшқыштардың алғашқы ұшу дайындығы үшін жағдайды қамтамасыз ету. Мемлекеттік басқару органы бекіткен тізбеге сәйкес негізгі құралдарды сатып алуға мемлекеттік авиациялық орталық үшін күрделі трансферттер аудару.";
6-бағандағы»"3 - 4" деген сандар "4" деген санмен ауыстырылсын;
7-тармақтың Тікелей нәтижесінде»"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген тізбеге" деген сөздер»"мемлекеттік басқару органы бекіткен тізбеге" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы