Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессия үлгі шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1326 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған  үлгі шарт ;
      2) экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі  үлгі шарт  бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 29 желтоқсандағы   
N 1326 қаулысымен        
      бекітілген            

  Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған  үлгі шарт

___________________                       20__жылғы "__"__________
(қол қойылатын қала)                                (жасасқан күні)

Бұдан әрі Концедент деп аталатын,___________________________________
                                    (мемлекеттік орган)
атынан______________________________________________негізінде әрекет
ететін______________________________________________бір тараптан
         (уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты-жөні)
            
және бұдан әрі Концессионер деп аталатын
______________________________________________________________атынан
                     (заңды тұлға)
____________________________________________________________________
             (тұлғаның өкілеттігін белгілейтін)   
 
_____________________________________________негізінде әрекет ететін
      (құжаттың атауы мен деректемелері)
_____________________________________________________екінші тараптан
   (уәкілетті тұлғаның лауазымы, аты-жөні)
 
бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар, жеке алғанда - Тарап,
Концессиялар жөніндегі__________________________________ комиссияның
                     (комиссияның толық атауы көрсетілсін)
20__жылғы ____ N____ шешіміне сәйкес Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартты (бұдан әрі - Үлгі шарт) жасасты.

  1. Үлгі шарттың мәні және объектісі

1. Үлгі шарттың мәні Концессионерге объектіні
____________________________________ және мемлекеттік меншік құқығын
(салуға, салуға және пайдалануға - керегі көрсетілсін)
ресімдеуге_____________________________________________ құқығын беру
      (иелену, пайдалану және билік ету - керегі көрсетілсін)
кезінде Тараптардың қарым-қатынастарын реттеу болып табылады.
2. Концессионер өзінің есебінен, меншік құқығы Концедентке тиесілі болатын жылжымайтын мүлікті (бұдан әрі - объект)
____________________________________________________________________
(салуға, салуға және пайдалануға - керегі көрсетілсін) және (егер
Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі)
____________________________________________________________________
(өндірілетін өнімнің (қызметтердің) көлемін арттыру, өзіндік құнын төмендету және табыстылығын арттыру, экологиялық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыру, барынша пайда түсіру және т.с.с - керегі көрсетілсін)
мақсатында Үлгі шарт талаптарына сәйкес объектіні пайдалануды жүзеге асыруға міндеттенеді.
3. Техникалық-экономикалық ерекшеліктерін қоса алғанда, объектінің сипаттамасы Үлгі шартқа 4-қосымшада көрсетілген.
4. Концессионер объектіні___________________________________________
              (салуды, салуды және пайдалануды - керегі көрсетілсін)
қаржыландыру мақсатында өзінің қызметін жүзеге асыру үшін Үлгі шартқа 2-қосымшада белгіленген мемлекеттік қолдау шарасын пайдалануға құқылы.
5. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделсе енгізіледі) Концедент Концессионер Үлгі шарттың 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін
____________________________________________________________________
(объектімен бірыңғай тұтастықты құрайтын және/немесе объектімен
_____________________________________________________________мүлікті
жалпы мақсатта пайдалануға арналған - керегі көрсетілсін)
(бұдан әрі - өзге мүлік) Концессионерге уақытша иеленуге және пайдалануға беруге құқылы.
Өзге мүлік құрамы мен оның сипаттамасы, оның ішінде техникалық-экономикалық ерекшеліктері, өзге мүлік құрамына жататын объектілер тізбесі, Концессионердің өзге мүлікті иелену және пайдалану мерзімі Үлгі шартқа 5-қосымшада келтірілген.
Концедент оны иелену және пайдалану құқығы Үлгі шартқа сәйкес Концессионерге берілетін өзге мүліктің иесі өзі болып табылатынына кепілдік береді.
Өзге мүлік__________________________________________________________
         (құқық белгілейтін құжаттардың және (немесе) Концеденттің
өзге________________________________________________________________
    мүлікке қатысты меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы
құжаттардың атауы және деректемелері)
негізінде меншік құқығымен Концедентке тиесілі.
      Концеденттің өзге мүлікке меншік құқығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері және/немесе түпнұсқалары Үлгі шартқа қоса беріледі.
6. (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер объектіні объектінің бейініне сәйкес пайдаланады және мынадай қызмет түрлерін жүзеге
асырады:____________________________________________________________
        (экономиканың саласына (аясына) байланысты қызмет түрлері көрсетіледі)
7. (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер Үлгі шарттың 6-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Концедент мынадай шаралар қабылдайды:
____________________________________________________________________
 (Концессионердің экономиканың тиісті саласында (аясында) қызмет түрлерін жүзеге асыруына қойылатын талаптарға, сондай-ақ Концеденттің құзыретіне байланысты шаралар көрсетіледі).
8. Тараптар Концеденттің объектіге меншік құқығын, сондай-ақ
Концессионердің объектіні____________________________________құқығын
            (иелену, пайдалану және билік ету - керегі көрсетілсін)
мемлекеттік тіркеуге қажетті іс-әрекеттерді, оның ішінде
20__жылғы "__" ______бастап________ішінде___________________________
                   (мерзімі көрсетілсін) (нақты іс-әрекеттері көрсетілсін) жүзеге асырады.
      9. Объектінің және/немесе өзге мүліктің кенеттен опат болу немесе кенеттен зақымдану тәуекеліне Концессионер_____________бастап
____________________________________________________________________
(күнтізбелік күндермен анықталған кезең немесе олардың басталуымен Тараптар көрсетілген міндеттемелердің туындауын байланыстыратын оқиғаға көрсетіп - керегі көрсетілсін) қоса алғандағы кезеңде жауап береді.

  2. Объектіні салу

10. Концессионер Үлгі шартқа 3 және 6-қосымшаларда көрсетілген шарттар мен талаптарға сәйкес объектіге қажетті жақсартуларды жүргізеді.
11. Инвестициялар, оның ішінде негізгі қорларға инвестициялар мөлшері туралы шарттарды, Концессиялық жобаны қаржыландыру мерзімі мен шарттары, сондай-ақ Концессионердің шығындарын өтеу тәртібі Үлгі шартқа 6-қосымшада көрсетілген.
12. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделген болса енгізіледі) Концессионер Үлгі шарттың 65-тармағында көрсетілген мерзімде және Үлгі шартқа 6-қосымшада көрсетілген шарттарда өзге мүлік объектілеріне қатысты
____________________________________________________________________
(моральдық ескірген және табиғи тозған жабдықтарды жаңғыртуды
____________________________________________________________________
жаңасымен, неғұрлым өндіргіш жабдықпен ауыстыруды, мүліктің сипаттамасын және
_____________________________________________________жүзеге асырады.
пайдалану қасиетін жақсарту жөніндегі іс-шараларды - керегі көрсетілсін)
13. Концедент Концессионерге объектіні салу жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті жағдайды, оның ішінде Концессионердің және ол уәкілеттік берген тұлғалардың объектіге еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
14. Концессионер Тараптарға тәуелді емес, объектіні
___________________________________және/немесе объектіні Үлгі шартта
(салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
белгіленген мерзімде пайдалануға беруге мүмкіндік бермейтін жағдайларды анықтаған кезде, Концессионер Тараптардың Үлгі шартты орындау жөніндегі одан әрі іс-әрекеттерін келісу мақсатында көрсетілген жағдайлар туралы Концедентке бес күн ішінде хабар береді.
15. (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен және Үлгі шартқа 4-қосымшада көрсетілген техникалық-экономикалық ерекшеліктерге сәйкес объектіні пайдалануға береді.

  3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

16. Концеденттің:
1) Концессионермен Үлгі шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;
2) объектінің жағдайы Концессионердің кінәсінен нашарлаған жағдайда, Концессионерден залалдарды өтеуін талап етуге;
3) Концессионердің жедел қызметіне және Үлгі шартты іске асыру барысына араласпай, аудиторлық ұйымды және/немесе тәуелсіз консалтингтік компанияны тарту жолымен Концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыруға;
4) Концессионердің Қазақстан Республикасының заңнамасын, Үлгі шарттың талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және одан жіберілген бұзушылықтарды жоюды талап етуге;
5) Үлгі шартта белгіленген тәртіппен Концессионерден объектінің қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде объекті бойынша қаржылық есептілікпен танысуға;
6) Концессионерден Концессионердің Үлгі шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындағанын растайтын құжаттарды талап етуге және алуға;
7) Концессионер Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда Үлгі шартты бұзуды, залалды өтеуді талап етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Үлгі шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
17. Концедент:
1) (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) белгіленген тәртіппен Концессионерге
объектіні___________________________________________________________
         (иелену, пайдалану және билік ету - керегі көрсетілсін)
құқығын, сондай-ақ объектіге Концессионердің көрсетілген құқықтарын растайтын құжаттарды Концеденттің объектіге меншік құқығын тіркеу күнінен бастап ______ күн ішінде беруге;
2) Концессионердің объектіні________________________________________
                    (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
жөніндегі Үлгі шарттың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
3) жасалған концессия шарттары туралы тізілім жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға есепті ақпаратты жыл сайын беруге;
4) Үлгі шартта көзделген талаптарды сақтауға;
5) (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) үшінші тұлғалардың құқықтарынан бос объектіні Концессионерге беруге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта белгіленген өзге талаптарды сақтауға міндетті.
18. Концессионердің:
1) Үлгі шартта көзделген талаптармен объектіге қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;
2) объектіні_________________________________қаржыландыру мақсатында
        (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
инфрақұрылымдық облигацияларды қоса алғанда, қаржы құралдарын шығаруды және орналастыруды жүзеге асыруға;
3) Үлгі шартты орындауға байланысты шеккен шығындардың өтемін алуға;
4) Концедент Үлгі шарттың ережелерін бұзған жағдайда, оны бұзуды және міндеттемелерін бұзудан туындаған залалдарды өтеуін талап етуге;
5) егер Концедент ұсынған Үлгі шарттың талаптарын өзгерту Концессионерді залалға әкеп соқтырған жағдайда, залалдарды өтеуін талап етуге;
6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес берілетін инвестициялық артықшылықтар субъектісі болуға;
7) объектіні______________________________________________________
              (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
жөніндегі жұмыстарға үшінші тұлғаларды тартуға, олардың іс-әрекетіне Концессионер толық жауап береді;
8) Концессионер Үлгі шартта көзделген міндеттемелерді сақтаған жағдайда, Концеденттің жазбаша келісімімен Үлгі шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге объектіні үшінші тұлғаларға беруге;
9) объектінің Концессионері ретінде өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініш жасауға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына және Үлгі шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
19. Концессионер:
1) өз есебінен және тартылған мердігер ұйымдардың күшімен Үлгі шартта белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына, Үлгі шартқа 3-қосымшада көрсетілген нормативтік техникалық кесімдерге, жобалау-сметалық құжаттамаға және Үлгі шартқа 6-қосымшаға сәйкес объектіні_________________инвестицияларды жүзеге
асыруға;    (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
2) Үлгі шартқа 6-қосымшада көзделген тауарларды өндіруге
(жұмыстарды жүргізуге, қызметтерді көрсетуге);
3) объектінің құрылысын жүзеге асырған кезде неғұрлым тиімді, сапалы әдістер мен технологияларды таңдауға және пайдалануға;
4) техникалық қадағалау мен технологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру
жолымен объектіні______________________________жөніндегі жұмыстардың
         (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
сапасын қамтамасыз етуге;
5) объектіні____________________________________жүзеге асырған кезде
      (салуды, салуды және пайдалануды - керегі көрсетілсін)
басым тәртіппен Қазақстан Республикасында шығарылған жабдықтар мен материалдарды пайдалануға;
6) объектіні___________________________________кезде басым тәртіппен
      (салған, салған және пайдаланған - керегі көрсетілсін)
қазақстандық мердігер ұйымдарды тартуға;
7) объектіні____________________________________жөніндегі жұмыстарды
       (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
жүзеге асырған кезде қазақстандық кадрларды таңдағанды жөн көруге;
8) халықаралық сапа менеджменті мен экологиялық қауіпсіздік стандарттарын енгізуді қамтамасыз етуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
10) олар қызметтік функцияларын орындаған кезде Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына қажетті құжаттарды, ақпаратты және жұмыс орындарына рұқсатты ұсынуға және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жоюға;
11) өз қызметі үдерісінде объектіні_________________________________
              (салуға, салуға және пайдалануға - керегі көрсетілсін)
пайдаланылатын аумақта орналасқан мәдени-тарихи мақсаттағы объектілерді сақтауға;
12) жағдайы Үлгі шарт бойынша Концессионердің қызметімен бұзылған жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес одан әрі пайдалану үшін жарамды жағдайға дейін қалпына келтіруге;
13) құрылыс аяқталғаннан кейін белгіленген тәртіппен объектіні пайдалануға енгізуді қамтамасыз етуге, объектіге Концеденттің меншік құқығын ресімдеуге;
14) Үлгі шарттың 66-тармағында көрсетілген мерзімде объектіні пайдалануға енгізуге кірісуге (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі);
15) Концессиялық жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамада бекітілген қаражат шегінде салу бөлігінде Концессиялық жобаны қаржыландыруды жүзеге асыруға;
16) Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, ол мерзімінен бұзылғаннан кейін және Үлгі шартта көзделген өзге жағдайларда объектіні және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы тиісті техникалық жағдайда және үшінші тұлғалардың құқығынан бос Концедентке беруге;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға;
18) объектіні тарату туралы шешім қабылданған жағдайда тарату рәсімдері басталғанға дейін объекті мүлкінің сақталуына жауап беруге;
19) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
20) объектінің бейінін сақтауға;
21) объектіні___________________________________кезінде қолданыстағы
        (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
сапа стандарттарын сақтауға;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында және Үлгі шартта белгіленген өзге де талаптар мен ережелерді сақтауға міндеттенеді.

  4. Тараптардың жауапкершілігі

20. Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Үлгі шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
21. Тараптардың бірінің жобалау құжаттамасының Үлгі шартта белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына техникалық регламенттердің сәйкес келмеуін анықтаған кезде осы сәйкестікті анықтаған Тарап екінші Тарапқа бұл туралы тез арада ескертеді және Концеденттің шешімі негізінде жобалау құжаттамасына қажетті өзгерістер енгізген сәтке дейін Концессионер объектінің құрылысы бойынша жұмыстарды тоқтата тұрады.
Жобалау құжаттамасының Үлгі шартта белгіленген талаптарға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына техникалық регламенттердің сәйкес келмеуін анықтаған кезде жобалау құжаттамасын әзірлеген
_____________________________________________Үлгі шартқа 1-қосымшада
(Концессионер, Концедент - керегін көрсетіңіз)
________________________________көрсетілген тәртіппен және мөлшерде
(Концессионер, Концедент - керегін көрсетіңіз)
алдында жауап береді.
22. Концессионер Концеденттің алдында объектіні_____________________
                                               (салған, салған және
_________________________кезінде Үлгі шартта белгіленген талаптарды,
пайдаланған - керегі көрсетілсін)
техникалық регламенттердің, жобалық құжаттаманың талаптарын, өзге де объектінің сапасына қойылатын міндетті талаптарды бұзғаны үшін жауап береді.
      23. Үлгі шарттың 22-тармағында көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, Концедент бұзушылықтар анықталған күннен бастап
_________________________________________________________________күн
   (күнтізбелік күн саны, өзге мерзім - керегі көрсетілсін)
ішінде Концессионерге жазбаша нысанда талаптары бұзылған Үлгі шарттың және/немесе құжаттың тармағын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды өтеусіз жою талабын жібереді, сондай-ақ Концессионердің бұзуынан туындаған залалды Концедентке өтейді. Бұл ретте бұзушылықтарды жою мерзімі____________________________құрайды.
            (күнтізбелік күн саны, өзге мерзім - керегі көрсетілсін)
24. Концессионер Концеденттің алдында объектіні_____________________
                                                (салу, салу және
___________________________________жөніндегі жұмыстардың сапасы үшін
пайдалану - керегі көрсетілсін)
объектіні Концедентке берген күннен бастап ____ жыл ішінде жауапты болады.
Объектіде Концессионердің объектіні сапасыз
___________________________________________________туындаған ақаулар
(салуынан, салуынан және пайдалануынан - керегі көрсетілсін)
анықталған кезде Концессионер Концеденттен анықталған ақаулар туралы хабарлама алған күннен бастап ___ күннің ішінде не Тараптармен жазбаша келісілген өзге мерзімде мұндай ақауларды өз есебінен жояды.
25. Екінші Тараптың Үлгі шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы нәтижесінде туындаған Тараптардың шығындарын өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
____________________________________________________________________
           (Тараптармен келісілген тәртіп көрсетіледі)
26. Концессионер Концедентке осы Үлгі шартта көзделген міндеттемелерді Концессионер орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері бұзылған жағдайда_________________________түрінде
                              (айыппұл, баж - керегі көрсетілсін)
тиісті бюджетке тұрақсыздық айыбын төлейді.
27. Концедент міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, оның ішінде Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін бұзған жағдайда
Концедент___________________________________________________________
                  (айыппұл, баж - керегі көрсетілсін)
түрінде Концессионерге тұрақсыздық айыбын төлейді.
28. Айыппұлдарды, өсімақыларды төлеу мөлшері, тәртібі мен мерзімі Үлгі шартқа 1-қосымшада көрсетілген.
29. Концессионер______________________________________ күннен бастап
         (Үлгі шарттың күшіне енген, өзге - керегі көрсетілсін)
____________________________________________________________мөлшерде
      (Концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
Үлгі шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді
мынадай нысандарда:_________________________________________ұсынады.
                    (Концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
30. Екінші Тараптың Үлгі шарт бойынша өз міндеттерін бұзуы Үлгі шартта көзделген міндеттерді орындауға кедергі болған жағдайда, Тарап Үлгі шарт бойынша өз міндеттерін орындауды бастамауға немесе екінші Тарапты ол туралы тез арада хабардар ете отырып, олардың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.

  5. Концессионерге жер учаскелерін беру тәртібі

31. Концедент Үлгі шарт күшіне енген күннен бастап
______________________________күнтізбелік күн ішінде Концессионермен
____________________________________________________________________
                  (объект орналасатын және/немесе
____________________________________________________________________
Концессионердің осы Үлгі шарт бойынша қызметін жүзеге асыруы үшін қажет - керегі көрсетілсін)
жер учаскесін_________________________________________________шартын
                (жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
жасасуға міндеттенеді.
Жер учаскесін__________________________________________________шарты
                 (жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
Концеденттің Концессионерге жер учаскесін беру, пайдалану және оны Концессионердің Концедентке қайтару шарттарын анықтайды. Шарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ережелерді де қамти алады.
Объектілер салуға жер учаскесіне құқық, сондай-ақ қайта жер пайдалану құқығын беру (қосалқы жалдау) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында анықталады.
32. Жер учаскесін сипаттау, оның ішінде оның кадастрлық нөмірі, орналасқан жері, ауданы, шекарасын сипаттау, мемлекеттік жер кадастрынан үзінді Үлгі шартқа 7-қосымшада келтірілген.
33. Берілген жер учаскесіне жалдау ақысы____________________________
                                    (жалдау, қосалқы жалдау - керегі
шарты негізінде___________________________үшін______________________
                  көрсетілсін)                   (уақыт кезеңі)
мөлшерінде белгіленеді.
34. Жер учаскесін______________________________________________шарты
                  (жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
___________жылға жасалады.
35. Жер учаскесін______________________________________________шарты
                  (жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
36. Концессионердің жер учаскесін___________________________________
                       (жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
шартында өзге көзделмесе, жер учаскесін_____________________________
                       (жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
шарты бойынша өз құқығын үшінші тұлғаларға беруге және жер учаскесін қосалқы жалдауға беруге құқығы жоқ.
37. Үлгі шартты тоқтату жер учаскесін_______________________________
                          (жалдау, қосалқы жалдау - керегін көрсету)
шартын тоқтатуға негіз болып табылады.
38._____________________________________шарты бойынша Концессионерге
(жалдау, қосалқы жалдау - керегі көрсетілсін)
берілетін жер учаскесіне қатысты Концеденттің меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі Үлгі шартқа қоса беріледі.
39. Концессионер Концеденттің меншігіндегі жер учаскесінде Объектінің құрамына енбейтін, Үлгі шарт бойынша Концессионердің қызметін жүзеге асыруы кезінде пайдалануға арналған жылжымайтын мүлік объектілерін тұрғызуға_______________________________________.
     (Концеденттің келісімімен құқылы, құқысыз - керегі көрсетілсін)

  6. Объектіні пайдалану
(Тарау егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе енгізіледі)

40. Концессионер объектіні және/немесе өзге мүлікті дұрыс қалпында ұстайды, өзінің есебінен ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізеді, Үлгі шарттың 41-тармағына сәйкес көрсетілген іс-әрекеттерді Концедент жүзеге асырған жағдайды қоспағанда, объектіні және/немесе өзге мүлікті ұстауға арналған шығыстарды көтереді.
41. Концедент_______________________________________________________
             (объектінің дұрыс қалпын ұстап тұру, оны ұстау,
              ағымдағы және күрделі жөндеу - керегі көрсетілсін)
жөнінде мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:______________________
                                          (іс-қимылдары көрсетілсін)
42. Концессионер объектіні уақытша пайдалануға үшінші тұлғаларға берген жағдайда Үлгі шартты бұзу үшінші тұлғалардың объектіні пайдалануға құқығын тоқтатады.
43. Концеденттің алдын ала жазбаша келісімінсіз Концессионердің объектіні және/немесе өзге мүлікті кепілдікке беруіне жол берілмейді.
44. Концессионер Үлгі шарт бойынша қызметін жүзеге асыруы нәтижесінде алған өнімдері мен кірістері,_________________________
                                         (Концеденттің меншігіне
_______________________________________ қоспағанда, Концессионердің 
түсетін өнімнің атауы және көлемі,
кірістер мөлшері - керегі көрсетілсін)
меншігі болып табылады.

  7. Концессионердің Концедентке объектіні беру тәртібі

45. Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, ол мерзімінен бұрын бұзылғаннан кейін және Үлгі шартта көзделген өзге жағдайларда Концессионер объектіні және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы күн ___ ішінде Концедентке береді, ал Концедент қабылдайды.
46. Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, сондай-ақ объектіні пайдалануға берген күннен кейін оны мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Концессионер Концедентке беретін объект Үлгі шартқа 4-қосымшада көрсетілген жағдайда болуы, оның бейініне сәйкес пайдалануға жарамды болуы және оған үшінші тұлғалардың құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс.
47. Объектіні пайдалануға беруге дейін Үлгі шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Концессионер Концедентке беретін объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарының ауыртпалығы болмауы тиіс.
48. (Егер бұл Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионер Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, ол мерзімінен бұрын бұзылған күннен бастап және Үлгі шартта көзделген өзге жағдайларда күн ____ ішінде және Үлгі шартқа 5-қосымшада көрсетілген жағдайда және санда өзге мүлікті және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы Концедентке қайтарады, ал Концедент қабылдап алады.
49. Концессионердің Үлгі шарттың 45-тармағында (45 және 48-тармақтарында) көрсетілген объектіні және/немесе өзге мүлікті Концедентке беруі Тараптар қол қоятын объектіні және/немесе өзге мүлікті қабылдап алу-беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
50. Концедент_______________________________________________________
                 (олар басталған жағдайда Концедент қол қоюдан
________________________________жағдайда объектіні және/немесе өзге
бас тартуға құқылы жағдайлар көрсетілсін)
мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоюдан бас тартуға құқылы.
51. Концедент Үлгі шарттың 50-тармағы негізінде Үлгі шарттың 49-тармағында көрсетілген объектіні және/немесе өзге мүлікті қабылдап алу-беру актісіне қол қоюдан жалтарған жағдайда Концессионер Үлгі шарттың 50-тармағында көрсетілген жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндеттенеді.

  8. Концеденттің Үлгі шарттың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру тәртібі

52. Концедент Концессионердің Үлгі шарттың талаптарын, оның ішінде Үлгі шарттың 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді, Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін, (егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) сондай-ақ Үлгі шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес объектіні пайдалану жөніндегі міндеттемелерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
53. Концессионер Үлгі шарттың талаптарын Концессионердің орындауын бақылауды жүзеге асыратын Концеденттің уәкілетті органдарының өкілдеріне объектіге, сондай-ақ Үлгі шарттың 2-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға жататын құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
54. Концессионер есепті кезең аяқталған күннен бастап_____күн ішінде Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындауы туралы есепті Концедентке___________________________________________
(ай сайын, тоқсан сайын, әрбір жарты жылдық сайын, жыл сайын - керегі көрсетілсін)
береді. Есеп мынадай деректерді қамтуы тиіс:________________________
                      (Тараптармен келісілген деректер көрсетіледі)
55. Концедент Концессионердің қызметін бақылауды жүзеге асыру барысында Концессионердің Үлгі шарттың талаптарын сақтауына елеулі әсер етуі мүмкін бұзушылықтарды анықтаған кезде Концедент Концессионердің жіберілген бұзушылықтарды жою туралы талапты _____ күн ішінде жазбаша нысанда жібереді.
56. Тараптар Үлгі шарт бойынша міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты бір-біріне уақтылы беруге және Үлгі шартта көзделген міндеттерді тиісінше орындауға әсер етуі мүмкін елеулі оқиғалардың басталуы туралы бір-біріне тез арада хабарлауға міндетті.

  9. Үлгі шартты өзгерту, толықтыру және тоқтату талаптары

57. Концедент және Концессионер өзара келісім бойынша Үлгі шартқа қосымша келісімдер жасасу арқылы жазбаша нысанда Үлгі шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.
Үлгі шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертетін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге оларды Үлгі шарттың кіріспесінде көрсетілген Концессиялар жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
58. Үлгі шарт мынадай жағдайларда қолданылуын тоқтатады:
1) Үлгі шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанда;
2) Тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылғанда;
3) сот шешімімен;
4) Концессионер таратылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Үлгі шартта көзделген өзге жағдайларда.
59. Концедент объектіні_____________________________________________
         (салу, пайдалану, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен адамгершілікті қамтамасыз етуге қауіп төндірген жағдайларда, Үлгі шарттың талаптарын бір жақты өзгерту және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы шешім қабылдай алады, атап айтқанда:______________________________________________________
              (экономика саласына (аясына) байланысты жағдайлар көрсетіледі).
60. Концедент осы тараудың 59-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, Концедент Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізуге байланысты қосымша шығындарды Концессионерге өтейді, сондай-ақ, Үлгі шартты бұзу немесе талаптарын өзгерту және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізу Концессионердің салғырттығынан не оның Үлгі шарт талаптарын орындамауынан туындаған жағдайдан басқа, Үлгі шартты бұзуға байланысты Концессионер шеккен залалдардың орнын толтырады.
61. Егер Тараптар объектіні_____________________________________іске
                  (салу, салу және пайдалану - керегі көрсетілсін)
асыру үшін осы Үлгі шартқа 2-қосымшада көрсетілген инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігін таңдаған жағдайда, инфрақұрылымдық облигациялардың айналым мерзімі ішінде облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделеріне қысым жасауға әкеп соғуы мүмкін Үлгі шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе Үлгі шартқа толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
62. Концессионердің Үлгі шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін Концеденттің келісімімен объектіні пайдалануға енгізу сәтінен бастап талапты беру немесе Үлгі шарт бойынша борышты аудару жолымен үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар.

  10. Үлгі шарттың қолданылу мерзімі

63. Үлгі шарт тиісті тіркеу органында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және_______________________________әрекет етеді.
                  (мерзімі Концессиялық жобаға сәйкес көрсетіледі)
64. Объектіні салу мерзімі 20__жылғы "__"__________
65. Мерзімі_________________________________________________________
          (моральдық жағынан ескірген және табиғи тозған жабдықты жаңғырту, жаңасымен, неғұрлым өндіргіш жабдықпен айырбастау, мүліктің сипаттамалары мен

____________________________________________________________________
пайдалану қасиеттерін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру - керегі көрсетілсін)
20_____жылғы "__"_______________
66. (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе, енгізіледі) Концессионердің объектіні пайдалану мерзімі 20__ ж "__"_____ бастап 20___ж"__"_______________қоса алғанда.
67. Концессионердің Концедентке тиесілі Үлгі шарттың 69-тармағында көрсетілген шартқа сәйкес зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды пайдалану мерзімі - _____________________________құрайды.
                           (күн, ай, жыл - керегі көрсетілсін)

  11. Зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтар

68. Концедентке Концессионер Үлгі шартты орындаған кезде өз есебінен алған зияткерлік қызметтің мынадай нәтижелеріне айрықша құқықтар тиесілі:
____________________________________________________________
(зияткерлік меншік объектілерінің атауы)
Зияткерлік қызметтің көрсетілген нәтижелеріне Концеденттің құқықтарын тіркеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен_______________________________________________
                      (Концеденттен алынған өкілеттіктің негізінде
_____________________________________________________жүзеге асырады.
Концедент немесе Концессионер - керегі көрсетілсін)
69. Концессионердің Үлгі шарт бойынша міндеттемелерді орындауы мақсатында Концедент Үлгі шарттың 67-тармағында көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Үлгі шарттың 68-тармағында көзделген зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану құқықтарын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы Концессионермен шарт жасасуға міндетті.
70. Үлгі шартты тоқтату Үлгі шарттың 69-тармағында көзделген зияткерлік қызмет нәтижелерін пайдалану құқығын өтеусіз негізде Концессионерге беру туралы шартты тоқтату үшін негіз болып табылады.

  12. Сақтандыру

71. Тараптар сақтандыруға жататын тәуекелдерді анықтайды, оларды Концессионер заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандырады.
72. Сақтандыру мүліктік тәуекелдер және мыналарға байланысты жауапкершілік тәуекелдері үшін көзделеді:
құрылыс жүргізу орнына жеткізілетін жүктерді тасымалдауға және қоймаға орналастыруға;
жалға немесе лизинг бойынша пайдаланылатын мүлікті қоса алғанда, Концессионердің_______________________________________пайдаланылатын
      (құрылыста, құрылыста және пайдалануда - керегі көрсетілсін)
мүлкіне;
жерді қоса алғанда, қоршаған ортаны ластауға және қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның салдарларын жоюға арналған шығыстарға;
үшінші тұлғалар алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілікке байланысты.
73. Мемлекеттің қарыздар бойынша кепілгерлігін алуға үміткер Концессионердің Үлгі шартқа 2-қосымшада келтірілген мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарызды қайтаруды қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын сақтандыру шарты болуы тиіс.
74. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру компанияларын өзінің қалауы бойынша таңдайды.

  13. Құпиялылық

75. Үлгі шарттың ережелері, Үлгі шартты орындау үдерісінде қандай да болмасын Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.
76. Тараптар:
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұратуларына ақпаратты беру;
ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілік алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілген жағдайда;
үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Үлгі шартта көзделген Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионерге қызметтер көрсететін осындай үшінші тұлғаға ақпарат берілген;
институционалдық инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Концессиялық жобада көзделген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионер Концессиялық жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін институционалдық инвесторға ақпарат берілген жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
77. Объектіні______________________________________________жүргізуге
          (салуды, салуды және пайдалануды - керегі көрсетілсін)
қатысты барлық құжаттар, ақпарат және есептер бойынша құпиялылықты сақтау мерзімі ____ жылға белгіленеді.

  14. Форс-мажор

78. Тараптар Үлгі шарт бойынша қандай да болмасын міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер осындай орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмес күш жағдайларынан (форс-мажор) туындаса, жауапкершілікте болмайды.
79. Еңсерілмес күш жағдайларына: мысалы, Үлгі шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен әскери жанжалдар, табиғи апаттар сияқты осындай мән-жай жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген күш жатады. Келтірілген тізбе толымды болып табылмайды. Осындай мән-жайларға атап айтқанда, жұмыстарды орындау үшін қажетті қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды.
80. Еңсерілмес күш туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен Тарап форс-мажорлық жағдайлардың басталған күнін нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны табыстау не почта арқылы жіберу жолымен бес күн ішінде ол туралы екінші Тарапты хабардар етеді.
81. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарларын жоқ қылу үшін барлық құралдарды пайдаланады.
82. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған Үлгі шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтату кезінде осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор тоқтатылғанға дейін жаңартылады.

  15. Қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігі бойынша талаптар

83. Қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Концессионер:
1) объектіні салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде объектіні салуға тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауға және олардың сақталуын бақылауға;
2) объектінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған персоналдың қауіпсіздігіне қойылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген нормалар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес объектінің жұмыс істеуі нәтижесінде атмосфераға шығарындылардың саны мен химиялық құрамы бойынша нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге;
4) (Егер Концессионердің объектіні пайдалануы Концессиялық жобада көзделсе енгізіледі) объектіні пайдалану кезінде Концессионердің қызметімен экологияға келтірілген зиянды барынша азайтуға бағытталған экологияны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өзге іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етуге міндетті.

  16. Дауларды шешу тәртібі

84. Үлгі шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.
85. Егер Үлгі шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар осы тараудың 84-тармағына сәйкес шешіле алмаған жағдайда, Тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелік соты туралы заңнамалық кесіміне сәйкес халықаралық төрелік сотқа жүгіну жолымен шешуге құқылы.

  17. Қорытынды ережелер

86. Үлгі шартқа барлық қосымшалар мен толықтыруларға Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
87. Үлгі шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жай бойынша жіберіледі:
Концедент___________________________________________________________
Концессионер________________________________________________________88. Тараптардың құқықтық мәртебесін не ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту Үлгі шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Үлгі шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық иелеріне көшеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесін, орналасқан орнын және өзге де деректемелерін өзгертуі туралы бірін-бірі жазбаша нысанда 3 күн мерзімде хабардар етуге міндетті.
89. Үлгі шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және Тараптар үшін қолайлы тілде_____________түпнұсқа данада, оның___________ данасы
Концедент үшін және________________данасы Концессионер үшін жасалды.

Тараптардың орналасқан жері және банктік деректемелері

      Концедент                                  Концессионер
  _______________                              _______________
  _______________                              _______________

Тараптардың қолдары

   _______________                            ________________
Концеденттің атынан                       Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы  
(аясындағы) концессияның жаңа  
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 1-қосымша 

Шарттың ерекше талаптары

      (Осы қосымшада Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартпен реттелмеген және концессия объектісін салу (салу және пайдалану) жоспарланатын экономика саласының (аясының) өзіндік ерекшеліктерінің салдары болып табылатын Концедент пен Концессионердің өзара қарым-қатынас аспектілері егжей-тегжейлі көрсетіледі).
      Қосымшада Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта көзделген ережелер де көрсетіледі.

Тараптардың қолдары

       _______________                     _________________
      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы  
(аясындағы) концессияның жаңа   
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 2-қосымша  

Мемлекеттік қолдау шарасы

      (Осы қосымшада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Концессионерге берілетін концессионерді мемлекеттік қолдау шарасы егжей-тегжейлі көрсетіледі).

Тараптардың қолдары

       _______________                     _________________
      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы  
(аясындағы) концессияның жаңа  
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 3-қосымша   

Жобалау-сметалық құжаттама

      (Осы қосымшада Концессионер әзірлеген концессия объектісін салуға және/немесе қайта жаңартуға арналған жобалау-сметалық құжаттама егжей-тегжейлі көрсетіледі. Сол сияқты Концессионердің концессия объектісін жақсарту жөніндегі қажетті шарттар мен талаптар да көрсетіледі).

Тараптардың қолдары

       _______________                     _________________
      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы  
(аясындағы) концессияның жаңа   
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 4-қосымша 

Концессия объектісі

      (Осы қосымшада техникалық-экономикалық ерекшеліктерді қоса алғанда, концессия объектісінің сипаттамасы көрсетіледі. Сол сияқты Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың ережелеріне сәйкес Концессионер концессия объектісін Концедентке берген кезде оның талап етілетін техникалық-экономикалық ерекшеліктері де көрсетіледі).

Тараптардың қолдары

       _______________                     _________________
      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы  
(аясындағы) концессияның жаңа   
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 5-қосымша  

Өзге мүлік

      (Егер концессия жобасының шарттарында Концедент Концессионерге концессия объектісі болып табылмайтын мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың қолданылу мерзіміне беруді көздейтін жағдайда осы қосымша әзірленеді. Осы қосымшада техникалық-экономикалық ерекшеліктерді, өзге мүліктің құрамына кіретін объектілердің тізбесін, Концессионердің өзге мүлікті иелену және пайдалану мерзімін қоса алғанда, өзге мүліктің құрамы, сипаттамасы көрсетіледі. Сол сияқты Концессионер өзге мүлікті Концедентке берген кезде объектілердің құрамы, тізбесі және өзге мүліктің талап етілетін техникалық-экономикалық ерекшеліктері де көрсетіледі).

Тараптардың қолдары

       _______________                     _________________
      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы   
(аясындағы) концессияның жаңа   
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 6-қосымша  

Бизнес-жоспар

      (Осы қосымшада Концессионердің концессия объектісін концессияға беру жөніндегі конкурсқа әзірлеген және ұсынған бизнес-жоспар көрсетіледі. Егер бизнес-жоспарда Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартта бизнес-жоспарға енгізу көзделген ережелер болмаса, онда осы ережелер Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың 1-қосымшасына енгізіледі. Бұл ретте Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шартқа тиісті сілтемелік нормаларға өзгерістер енгізіледі).

Тараптардың қолдары

       _______________                     _________________
      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Экономиканың түрлі саласындағы  
(аясындағы) концессияның жаңа  
объектісін салуға және пайдалануға
арналған үлгі шартқа 7-қосымша  

Жер учаскесін жалдау (қосалқы жалдау) шарты

      (Осы қосымшада Жер учаскесін жалдау үлгі шартының негізінде Концедент әзірлейтін және Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) концессияның жаңа объектісін салуға және пайдалануға арналған үлгі шарттың 5-тарауында аталған ережелерді қамтитын Жер учаскесін жалдау (қосалқы жалдау) шарты көрсетіледі.)

Тараптардың қолдары

       _______________                     _________________
      Концеденттің атынан                 Концессионердің атынан

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2006 жылғы 29 желтоқсандағы 
N 1326 қаулысымен    
бекітілген      

  Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі
үлгі шарт

      _______________                     200__ жылғы "__"__________
    (қол қойылатын қала)

Бұдан әрі Концедент деп аталатын,___________________негізінде әрекет
ететін мемлекеттік органның атынан_______________________________бір
тараптан, және бұдан әрі Концессионер деп аталатын__________________
негізінде әрекет ететін_______________________________________атынан
____________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаның атауы)
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатындар,
Концессиялар жөніндегі комиссияның_______________20__жылғы "__"___
                              (комиссияның толық атауы көрсетілсін)
N____ шешімінің негізінде, "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4 және 5-тарауларына сәйкес Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шартты жасасты.

  Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

Шартта, егер контекст өзгені ұйғармайтын немесе көздемейтін жағдайлардан басқа, сөздер мен ұғымдар оларға берілген мынадай мағынаға ие болады:
бизнес-жоспар  - Концессионер объектіні концессияға беру жөніндегі конкурсқа ұсынған концессиялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс бағдарламасы, Концессиялар жөніндегі
комиссияның_______________объектіні Концессионерге концессияга беру
    (комиссияның толық атауы көрсетілсін)
туралы 20__жылғы "__" N______шешімі оны қарау нәтижесі болады, Шарттың ажыратылмас бөлігі болып табылады;
күшіне енетін күні  - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Шартты мемлекеттік тіркеу күні;
шарт  - Экономиканың түрлі саласындағы (аясындағы ) мемлекеттік меншік объектісін концессияға беру жөніндегі үлгі шарт;
объект  -___________________________________________________________
            (концессияға берілетін мемлекеттік меншік объектісі)

  1. Шарттың мәні мен мақсаты

1.   Жақсарту және тиімді пайдалану, атап айтқанда
____________________________________________________________________
(инвестицияларды тарту арқылы және/немесе - нақтысын көрсетіңіз
өндірілетін өнімдердің (қызметтердің) көлемін ұлғайту, өзіндік құнын азайту және кірістілігін арттыру, экологиялық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру, барынша пайда алу және т.б. - керегі көрсетілсін)
мақсатында Концедентке меншік құқығында тиесілі объектіні Концеденттің Концессионерге уақытша иелік етуге және пайдалануға беруі кезінде Тараптардың қарым-қатынастарын реттеу Шарттың мәні болып табылады.
2. Концедент объектіні концессияға береді, ал Концессионер қабылдап
алады және өз атынан Концеденттің мүддесі
үшін_________________________________________________жүзеге асырады.
(қайта жаңартуды және пайдалануды және т.с.с. - қажеті көрсетілсін)

  2. Объект туралы мәліметтер

3. Объектінің мынадай сипаттамалары бар:
атауы;_________________________________
     (объектінің толық атауы көрсетілсін)
заңды мекен-жайы_______________________
(объектінің заңды мекен-жайы көрсетілсін)
деректемелері;_________________________
(объектінің толық деректемелері көрсетілсін)
ауыртпалықтар;_________________________
(ауыртпалықтар болған жағдайда олар көрсетілсін)
қызмет түрлері;________________________
(объектінің қызмет түрлері көрсетілсін)
қызметтердің атауы_____________________
(объекті ұсынатын қызметтердің тізбесі көрсетілсін)
құнын, техникалық құжаттамасын және т.с.с. көрсете отырып, объектінің мүліктік кешеніне енетін мүлік тізбесін қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей өзге мәліметтер.
4. Шарттың 3-тармағында көрсетілген деректерді растауға Концедент Шартқа:____________________________________көшірмелерін қоса береді.

  3. Шарттың орындалуына кепілдіктер

5. Концедент мынаны растайды:
1) Шартқа қол қойған күнге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты мемлекеттік тіркеген сәтке дейін объект Концеденттің толық және шектеусіз меншігінде, үшінші тұлғалардың құқықтарынан және қандай да бір ауыртпалықтардан бос (егер ауыртпалықтар болған жағдайда);
2) Концеденттің немесе Концессионердің Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға әсер етуі мүмкін объектіге қатысты ешқандай сот және төрелік талқылаулар жоқ;
3) объектіні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органдар тіркеген.
6. Концедент осымен, егер мұндайлар Шарт күшіне енгеннен кейін анықталатын болса немесе туындаса, объектіге қатысты үшінші тұлғалардың қандай да бір талап-тілектерінен Концессионерді босатуға кепілдік береді.
7. Концессионер Шартқа қол қою күніне мыналарды:
1) ол тарату, қайта ұйымдастыру, банкроттық сатысында тұрған жоқ;
2) оның мүлкі тұтқындалмаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмаған;
3) Шарттың 2-тармағында және бизнес-жоспарда көрсетілген жұмыстар мен іс-шараларды жүргізу үшін барлық қажетті лицензиялары мен рұқсаттары бар;
4) Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары бар;
5) Шарттың 7-бөліміне сәйкес қарыздарды, кредиттерді ресімдеу, облигациялар шығару, инвестициялар тартудың өзге түрлері және объектіні қаржыландыру үшін, оның ішінде мемлекеттік қолдауды ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген құжаттардың бар екендігін растайды және кепілдік береді.
8. Концессионер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шарттың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салады.
9. (Тармақ, егер Концессионерге жер учаскесін беру Шарттың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажет болса енгізіледі) Концедент Концессионермен Шарт күшіне енген күннен бастап_______күн ішінде Шарт бойынша қызметін жүзеге асыру үшін Концессионерге қажетті жер учаскесін________________________________
                    (жалдау, қосалқы жалға алу - керегі көрсетілсін)
шартын жасасады.
Көрсетілген жер учаскесін___________________________________шартында
                  (жалдау, қосалқы жалға алу - керегі көрсетілсін)
Концеденттің жер учаскесін Концессионерге беру, пайдалану және Концессионердің Концедентке қайтару талаптары айқындалады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге қосымша ережелер енгізілуі мүмкін.
10. Тараптар концессияның мерзімі ішінде мынадай (қоса алғанда, бірақ шектелмей):
Тараптардың атауын өзгерту;
Тараптарды қайта тіркеу, қайта ұйымдастыру немесе қайта құру;
Тараптардың тіркеу деректерін өзгерту;
үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу;
Шартты іске асыру шеңберінде операциялар жүргізу үшін шоттарды өзгерту сияқты мүмкін оқиғалардың салдарынан объектінің деректемелерінде немесе сипаттамаларында қандай да бір сапалық, сандық өзгерістер болса,
онда Шарт болған өзгерістерді ескере отырып, өзінің қолданылуын жалғастырады деп келісті, ол Шартқа қосымша жазбаша келісіммен ресімделетін болады.

  4. Қажетті жақсартулар

11. Объектіні пайдалану нәтижесінде Концессионер алған өнім мен өзге кірістерді қоспағанда, объектіде немесе оның кез келген бөлігінде жүргізілген қажетті жақсартулар, Шарттың талаптарын орындау кезінде туындаған зияткерлік меншік құқықтары Концеденттің меншігі болып табылады.
12. Концессионердің объектіде орындалатын қызметтердің қажетті саны мен сапасын беруі мақсатында объектіге қажетті жақсартулар жүргізудің шарттары, көлемі мен мерзімі бизнес-жоспарда айтылған.

  5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

13. Концеденттің:
1) Концессионермен Шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;
2) Концессионердің кінәсінен болған объектінің жай-күйі нашарлаған жағдайда Концессионерден шығындарды өтеуді талап етуге;
3) Концессионердің жедел қызметіне және Шартты іске асыру барысына араласпай, аудиторлық ұйымды және/немесе тәуелсіз консалтингтік компанияны тарту жолымен Концессионердің қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасын, Шарттың талаптарын Концессионердің сақтауын бақылауды жүзеге асыруға және одан жіберілген жолсыздықтарды жоюды талап етуге;
5) Шартта белгіленген тәртіппен Концессионерден объектінің қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде объект бойынша қаржылық есептілікпен танысуға;
6) Шартта белгіленген мерзімде Концессионерден объектінің қызметі туралы есепті, сондай-ақ Шарт бойынша Концессионер қабылдаған міндеттемелерді растайтын құжаттарды талап етуге және алуға;
7) Концессионер Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындамаған жағдайда Шартты бұзуды, шығындарды өтеуді талап етуге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
14. Концессионердің:
1) Шартта көзделген талаптарда объектіге қатысты құқықтарды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес берілетін инвестициялық преференциялардың субъектісі болуға; 3) Концеденттің жазбаша келісімін алғаннан кейін ғана объектіні пайдалану жөніндегі мердігерлік жұмыстарды орындау үшін мердігерлерді тартуға;
4) Шартты орындауға байланысты тартқан шығындардың өтемін объектіні пайдалану есебінен және/немесе бизнес-жоспарға сәйкес алуға;
5) Концедент Шарт талаптарын бұзған жағдайда оны бұзуды және міндеттемелерді бұзудан туындаған шығындарды өтеуді талап етуге;
6) егер Концедент ұсынған Шарттың талаптарын өзгерту Концессионердің шығынға ұшырауына әкеп соқтырса, шығындарды өтеуді талап етуге;
7) объектінің Концессионері ретінде өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініш білдіруге;
8) Концедент Шарт бойынша өз міндеттемелерін және/немесе кепілдіктерін орындамаған жағдайда Шартты орындауға кіріспеуге немесе орындаудан бас тартуға;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
15. Концедент:
1) Шарт күшіне енген күннен бастап "________" күн ішінде белгіленген тәртіппен Шартта көзделген Концессионердің объектіге құқықтарын ресімдеуге;
2) Шарт күшіне енген күннен бастап "_________" күн ішінде Концессионерге Шарттың 3 және 4-тармақтарына сәйкес, сондай-ақ Концессионердің объектіге құқықтарын растайтын құжаттарды беруге;
3) жыл сайын жасалған концессия шарттары туралы тізілімді   жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органға есептік ақпарат беруге;
4) Шартта көзделген талаптарды сақтауға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
16. Концессионер:
1) объектінің қызмет бейінін сақтауға;
2) бизнес-жоспарда көзделген жұмыстарды жүргізуге (тауарларды өндіруге, қызметтерді көрсетуге);
3) Шарт күшіне енген күннен кейін________________күннен кешіктірмей бизнес-жоспарды іске асыруға кірісуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектінің мүліктік кешеніне енетін әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық және бюджетке өзге міндетті төлемдерді уақтылы төлеуге;
6) сапа менеджменті мен экологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын енгізуді қамтамасыз етуге;
7) тұрақты, Шарттың 6-бөліміне сәйкес Концедентке Шарт бойынша өз қызметі туралы жазбаша нысанда есепті беруге;
8) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан, ол мерзімінен бұрын бұзылғаннан кейін және Шартта көзделген өзге жағдайларда белгіленген тәртіппен объектіні және ол бойынша барлық қажетті құжаттаманы_________күн ішінде Концедентке тиісінше техникалық жағдайда және үшінші тұлғалардың құқықтарынан еркін беруге;
9) объектіні тарату туралы шешім қабылданған жағдайда тарату рәсімдері басталғанға дейін объекті мүлкінің сақталуына жауап беруге;
10) объектіні немесе оның қандай да бір бөлігін кепілге беру туралы мәселені Концеденттен алдын ала жазбаша келісуге;
11) Қазақстан Республикасының еңбек, халықты жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасын сақтауға;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектіні тиісінше жағдайда ұстауды қамтамасыз етуге;
13) объектіні пайдаланған кезде қолданыстағы сапа стандарттарын сақтауға;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген өзге талаптарды сақтауға міндетті.

  6. Концеденттің Шарттың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

17. Концедент Концессионердің Шарт талаптарын, сондай-ақ объектіні пайдалану жөніндегі міндеттемелерін орындауын бақылауды Шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес жүзеге асырады.
18. Концессионер Шарттың талаптарын Концессионердің орындауын бақылауды жүзеге асыратын Концеденттің уәкілетті органдарының өкілдеріне объектіге, сондай-ақ Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға жататын құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
19. Тұрақты, Концеденттен қосымша жазбаша келісілген мерзімде, бірақ жылына кемінде бір рет Концессионер Концедентке Шарт бойынша өзінің қызметі туралы есеп береді. Концеденттің талап етуі бойынша Концессионердің қызметі туралы есеп өзге жағдайларда және өзге адресаттарға берілуі тиіс. Есепке барлық растаушы, оның ішінде тіркелген құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
20. Концеденттің жазбаша сұрау салуы бойынша Концеденттің сұрау салуында көрсетілген кезеңдегі Шарт бойынша Концессионердің қызметі туралы есепті Концессионер_________күн ішінде беруі тиіс.
21. Шарт бойынша Концессионердің қызметі туралы есеп мынадай:
бизнес-жоспарға сәйкес Концессионердің инвестициялық міндеттемелерді орындау барысы туралы;
объектіге және объектінің қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты Концессионердің ағымдағы қызметі туралы ақпаратты қамтиды.

  7. Инвестициялар және мемлекеттік қолдау шарасы

22. Концессионер бизнес-жоспарда белгіленген мөлшерде, тәртіппен, шарттарда және мерзімде инвестицияларды____________________________________қамтамасыз етеді.
          (қайта жаңартуға, жаңғыртуға - нақты көрсету керек)
23. Шарттың қолданылу кезеңінде жүргізілген инвестициялар Концессионердің объектіні пайдаланудан түскен кірістің есебінен және/немесе бизнес-жоспарға сәйкес өтеледі. Концессионердің шығындарын өтеу тәртібі бизнес-жоспарда ескертілген.
24. Объектіні инвестициялауға Концессионерді мемлекеттік қолдау
__________________________________________түрінде жүзеге асырылады.
(мемлекеттік қолдау шараларының егжей-тегжейлі сипаттамасы)
25. Инвестициялардың, оның ішінде негізгі қорларға инвестициялардың мөлшері, объектіні қаржыландырудың мерзімі мен шарттары бизнес-жоспарға сәйкес келеді.

  8. Тараптардың жауапкершілігі, дауларды шешу

26. Тараптардың бірі Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда екінші Тарап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей кінәлі Тарапты анықталған бұзушылықтарды белгілі бір мерзімде жою қажеттілігі туралы жазбаша ескертеді. Кінәлі Тараптың Шарттың талаптарын бұзушылықтарды жою мерзімі Тараптардың келісімімен жазбаша нысанда ұзартылуы мүмкін.
27. Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Тараптар Шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
28. Шартты орындау шеңберінде Тараптардың бірінің немесе екеуінің де бір-бірінің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда мынадай жауапкершілік шаралары
қолданылады_________________________________________________________
(экономиканың саласына (аясына), бизнес-жоспардың ережелеріне қарай жауапкершілік шаралары, мемлекеттік қолдау және өзге шарттар шаралары көрсетіледі)
29. Шартта реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
30. Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі. Дауларды келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық коммерциялық төрелік туралы заңнамалық кесіміне сәйкес халықаралық төрелікке өтініш беру жолымен шешіледі.

  9. Форс-мажор

31. Тараптар, егер мұндай орындамау немесе тиісінше орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңсерілмес күш жағдайының салдарынан (форс-мажор) туындаса, Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауап береді.
32. Еңсерілмес күш жағдайларына: мысалы, Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына тікелей әсер еткен әскери жанжалдар, табиғи апаттар сияқты осындай мән-жай жағдайлары кезіндегі төтенше және күтпеген күш жатады. Келтірілген тізбе толымды болып табылмайды. Осындай мән-жайларға атап айтқанда, жұмыстарды орындау үшін қажетті қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды.
33. Еңсерілмес күш мән-жайлары туындаған жағдайда олардан зардап шеккен Тарап форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күнін нақтылайтын және сипаттайтын жазбаша хабарламаны табыстау не почта арқылы жіберу жолымен бес күн ішінде ол туралы екінші Тарапты хабардар етеді.
34. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан ахуалдан шығу шешімін іздестіру үшін тез арада келіссөздер жүргізеді және осындай мән-жайлардың салдарларын жоқ қылу үшін барлық құралдарды пайдаланады.
35. Форс-мажорлық мән-жайлардан туындаған, Шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтату кезінде осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор тоқтатылған сәттен бастап жаңартылады.

  10. Құпиялылық

36. Шарттың ережелері, Шартты орындау үдерісінде қандай да болмасын Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады.
37. Тараптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұратуларына ақпаратты беру;
2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге есептілік алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілген жағдайда;
3) үшінші тұлға осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Шартта көзделген, Тараптар белгілеген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионерге қызмет көрсететін осындай үшінші тұлғаға ақпарат берілген;
4) институционалдық инвестор осындай ақпаратты құпия ретінде қарау және оны Концессиялық жобада көзделген мақсаттарда ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған жағдайда, Концессионер Концессиялық жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін институционалдық инвесторға ақпарат берілген жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
38. Объектінің құрылысын жүргізуге және оны пайдалануға жатқызылған барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша ___ жылға құпиялылықты сақтау мерзімі белгіленеді.

  11. Шарттың қолданылу мерзімі

39. Шарттың күшіне енетін күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мемлекеттік тіркелген күні болып табылады. 40. Шарт_______(_________________________) жыл мерзімге жасалды.
41. Шарт Концессионер өзінің міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда Тараптардың келісімімен айқындалатын қосымша кезеңге жаңа жағдайларда жаңа концессия шартын жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.

  12. Шартты өзгерту, толықтыру және қолданылуын тоқтату талаптары

42. Концедент және Концессионер өзара келісім бойынша Шартқа қосымша келісімдер жасасу арқылы жазбаша нысанда Шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертпейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.
Шартқа объектіні концессияға беру жөніндегі конкурстың талаптарын, бастапқы өлшемдерді және концессиялық жобаның сипаттамаларын өзгертетін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге оларды Шарттың кіріспесінде көрсетілген Концессия жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін рұқсат етіледі.
43. Шарт мынадай жағдайларда:
1) Шарттың қолданылу мерзімі өткенде;
2) Тараптардың өзара келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылғанда;
3) сот шешімімен;
4) Концессионер таратылғанда;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге жағдайларда қолданылуын тоқтатады.
44. Концедент объектіні пайдалану ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен адамгершілікті қамтамасыз етуге қауіп төндірген жағдайларда, Шарттың талаптарын бір жақты өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу немесе оны бұзу туралы шешім қабылдай алады, атап айтқанда:______________________________________
      (экономика саласына (аясына) байланысты жағдайлар көрсетіледі)
45. Концедент 44-тармақта көрсетілген құқықтарды іске асырған жағдайда Концедент Шарттың талаптарын өзгертуге және/немесе оған толықтырулар енгізуге байланысты қосымша шығындарды Концессионерге өтеуге, сондай-ақ Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту және/немесе оған толықтырулар енгізу Концессионердің Шарт талаптарын өрескел ұқыпсыздығы мен бұзуынан туындаған жағдайлардан басқа, Шартты бұзуға байланысты Концессионер шеккен залалдардың орнын толтыруға міндетті.

  13. Өзге талаптар

46. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды заңнамада белгіленген тәртіппен Концедент жүзеге асырады.
47. Шартқа барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс.
48. Шарт бойынша кез келген хат алмасу мынадай мекен-жай бойынша жіберіледі:
Концедент___________________________________________________________
Концессионер________________________________________________________
49. Тараптардың құқықтық мәртебесін не ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту Шарттың күшін тоқтатпайды және Тараптар Шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті құқық иелеріне көшеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесін, орналасқан орнын және өзге де деректемелерін өзгертуі туралы бір - біріне жазбаша нысанда 3 күн мерзімде хабар беруге міндетті.
50. Шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік және Тараптар үшін қолайлы
тілде,____________түпнұсқа данада оның______________данасы Концедент
үшін және___________данасы Концессионер үшін жасалды.

Тараптардың орналасқан жері мен банктік деректемелері

      Концедент                               Концессионер
      ___________                             _______________
      ___________                             _______________

Тараптардың қолдары

       ________________                  ____________________
      Концеденттің атынан               Концессионердің атынан