Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланудың ерекшелiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1) "Cу объектiлерiн кеме жүзетiн су жолдары санатына жатқызу ережесiн және кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүретiн су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 105
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 4, 58-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген кеме жүзуi үшiн ашық кеме жүзетiн су жолдарының тiзбесiнде:
5-тармақтағы "Ресей Федерациясымен шекараға" деген сөздер "Солтүстiк Қазақстан облысының Приишимка кентiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) "Кeмe қатынасы су жолдарын пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 27 мамырдағы N 527
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 22, 279-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Кеме қатынасы су жолдарын пайдалану ережесi:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Кеме қатынасы су жолдарын күтiп ұстау мынадай жағдайлар кезiнде талап етiлмейдi:
1) егер кеме қатынасы су жолының екi жағалауы да кеме жүзетiн болып табылса және кемелердiң қозғалысы сағаның бүкiл енi бойына мүмкiн болса (мұндай жағдайда навигациялық белгiлер орнатылмауы мүмкiн);
2) егер кеме қатынасы су жолының бүкiл ұзына бойында шектеулi қазулар болмаса және кемелер мен құрамдар үшiн қәлемi мен шөгуi бойынша шектеулер болмаса.".