Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 және 2006 жылғы 18 тамыздағы N 781 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы N 1290 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері»туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы    31 желтоқсандағы N  1460 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 51, 683-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ережеде: 
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агенттіктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Сол жақ жағалау,»Министрліктер үйі".";

      2) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы"»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N  781 қаулысында:
      2-тармақтың үшінші абзацында»"қызметкердің өзі көшкен қаржы жылы ішінде"»деген сөздер»"қызметкердің өзі көшкен сәттен бастап бір жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің 
      міндетін атқарушы