Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 1282 Қаулысы

Жаңартылған

      "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Атом энергетикасы кешенінде қауіпсіз жұмыс жүргізуді қадағалау облысаралық мемлекеттік инспекциясы"  мемлекеттік мекемесі, Степногор қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Атом энергетикасы кешенінде жұмыс жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау облысаралық мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Степногор қаласы;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларының қауіпсіз жүргізілуін қадағалау мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің "Қазақстан Республикасының теңізінде және ішкі су айдындарында мұнай операцияларын жүргізудің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы бақылау мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) мемлекеттік мекемелердің ережелерін бекітсін және оларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.10.2015 № 821 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің 
      міндетін атқарушы