Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1273 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 қарашадағы N 1232  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 46, 582-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi туралы ережеде: 
      10-тармақтың 1) тармақшасының жетiншi абзацы "Қазақстан Республикасының өкiлеттiгiн жүзеге асыру," деген сөздерден кейiн "Халықаралық авиация туралы конвенцияға мүше мемлекеттердiң авиациялық билiктерi арасындағы ұшу қауiпсiздiгiн қадағалау жөнiндегі және әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығын ұстап тұру жөнiндегі функциялар мен мiндеттердi беру туралы келiсiмдердi әзiрлеу және оларға қол қою," деген сөздермен толықтырылсын;
      11-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) кәсiптiк дайындықтың талап етiлетiн деңгейiн ұстап тұру үшiн авиация техникасын пайдаланып, Комитеттiң авиация мамандарының жаттығуын ұйымдастыруға;";
      12-тармақта:
      "көрсете отырып," деген сөздерден кейiн "әуе кемесi экипажының кабинасында болу құқығымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "әуе кемесi экипажы кабинасында" деген сөздер "әуе кемесi эксплуатанттарының келiсiмi бойынша, бос орындар болған кезде жолаушылар салонында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі