1. "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы N 1022
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 37, 487-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында (бұдан әрі - үлгі құрылым):
"1. Облыстық әкімдік" деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті (басқармасы)".
2. Облыстардың әкімдері:
1) өз кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері:
1) облыстардың әкімдеріне үлгі құрылымға енгізілген толықтыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген департаменттердің (басқармалардың) ұсынылатын құрылымын жіберсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.