Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1386 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1193 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1386  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 472-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесiнде:
      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) техникалық қызмет көрсету және авиация техникасын жөндеу жөнiндегi қызметтерге сертификаты бар ұйымдар берген, әуе кемесiнiң ресурсын анықтайтын құжаттың түпнұсқасы.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі