Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Павлодар облысының Екiбастұз қаласында Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігiнiң "Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi бiлiм беру саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне кәсiпорынның жарғысын бекiтуге ұсынуды;
2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;
3) Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталығын салуды;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 77-9-жолмен толықтырылсын:
"77-9. "Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегi кадрларын даярлау және қайта даярлау жөнiндегi өңiраралық кәсiптiк орталық".
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі