Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 7 мамырдағы N 363 Қаулысымен .
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 3 мамырдағы N 356 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестiң құрамына:
Мусин - Қазақстан Республикасының Экономика
Аслан Есболайұлы және бюджеттiк жоспарлау министрi
енгiзiлсiн;
"Мәсiмов Кәрiм - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қажымқанұлы Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
Республикасының Экономика және
бюджеттiк жоспарлау министрi,
төраға" деген жолдағы "- Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрі" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі