Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы N 1351
қаулысында
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 49, 564-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
"Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
"Көлік дәліздерді және транзиттік бағыттарды институционалды күшейту мен дамыту" деген 1-кіші бөлімде:
"Халықаралық деңгейде (БҰҰ құрылымдары, халықаралық өңірлік және көлік ұйымдары арқылы):" деген 1.1-тарауда:
реттік нөмірі 1.1.2.6-жол алынып тасталсын;
2)«"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 мамырдағы N 377
қаулысында
:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
"Автомобиль көлігінде" деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 3.1-жолдың а)
тармақшасының 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"2008-2010 жыл сайын".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі