Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қарашадағы N 1114 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 мамырдағы N 483  қаулысымен  мақұлданған Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру тұжырымдамасын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      1) Кеңестiң құрамы;
      2) Кеңес туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 23 қарашадағы 
N 1114 қаулысымен   
бекiтiлген   

Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңестiң құрамы

Школьник                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Владимир Сергеевич            және сауда министрi, төраға

Баталов                     - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы                және сауда вице-министрi, төрағаның
                              орынбасары

Нұрмәдиева                  - Қазақстан Республикасы Индустрия
Нәсима Iсләмқызы              және сауда министрлiгiнiң
                              Кәсiпкерлiктi дамыту департаментi
                              директорының орынбасары, хатшы

Супрун                      - Қазақстан Республикасының Экономика
Виктор Васильевич             және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Бiралиев                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Әлжан Хамидоллаұлы            ортаны қорғау вице-министрi

Қасымбек                    - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Жеңiс Махмұдұлы               коммуникация вице-министрi

Нұғманов                    - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Серiк Пикұлы                  вице-министрi

Мусина                      - Қазақстан Республикасының
Лилия Сәкенқызы               Ауылшаруашылық вице-министрi

Сизов                       - Қазақстан Республикасы Жер
Александр Павлович            ресурстарын басқару агенттiгi
                              төрағасының орынбасары

Өжкенов                     - Қазақстан Республикасы Энергетика
Болат Сұлтанұлы               және минералдық ресурстар министрлiгi
                              Геология және жер қойнауын пайдалану
                              комитетiнiң төрағасы

Өтепов                      - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлұлы                министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және
                              жекешелендiру комитетiнiң төрағасы

Ысқақов                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Жәнiбек Сапарұлы              Министрiнiң кеңесшiсi

Чирков                      - Қазақстан Республикасы Премьер-
Владимир Николаевич           Министрiнiң кеңесшiсi

Дворецкий                   - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерi мен
Владимир Яковлевич            жұмыс берушiлерiнiң жалпыұлттық
                              одағы басқармасы төрағасының
                              орынбасары

Мұратәлиев                  - "Атамекен" Қазақстан кәсiпкерлерi мен
Бiржан Раушанұлы              жұмыс берушiлерiнiң жалпыұлттық
                              одағы басқармасы төрағасының
                              орынбасары

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң          
2006 жылғы 23 қарашадағы  
N 1114 қаулысымен    
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      2. Кеңес өңiрлiк әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялардың (бұдан әрi - ӘКК) қызметiн үйлестiру мақсатында құрылады.

      3. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясы  мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

  2. Кеңестiң мiндеттерi

      4. Кеңестiң мiндеттерi:
      1) ӘКК-нi құру тұжырымдамасының негiзгi ережелерiн ескере отырып, ӘКК-нi дамытуды iске асырудың негiз қалаушы мiндеттерi мен тетiктерi бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
      2) ӘКК қызметiнiң басты стратегиялық бағыттарын айқындау;
      3) ӘКК-нiң қызметiн үйлестiру болып табылады.

      5. Мiндеттердi шешу кезiнде Кеңес мына мәселелер бойынша ұсынымдар әзiрлейдi:
      1) ӘКК-нi басқару органдарының құрамын айқындау (акционерлердiң жалпы жиналысы, Директорлар кеңесi);
      2) экономикалық субъектiлердiң қалың тобын экономикалық үдерiстерге тарту;
      3) берiлген мемлекеттiк активтердi елдiң тиiстi өңiрiнде тиiмдi басқару;
      4) ӘКК-нiң мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткiзуi бойынша олардың қызметiн бағалауды жүргiзу;
      5) өңiрлерде тиiстi кластерлердi құру кезiнде басым салаларды айқындау;
      6) мемлекеттiк меншiк активтерiн, жердi ӘКК-нiң меншiгiне беру жөнiнде билiк органдарымен, сондай-ақ инвестициялар тарту мақсатында әлеуеттi инвесторлармен, даму институттарымен және басқа да қаржы ұйымдарымен өзара iс-қимыл жасау.

  3. Кеңестiң құқықтары

      6. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;
      2) Кеңес мәжілістерiне мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн шақыруға және оларды қаралатын мәселелер бойынша тыңдауға құқылы.

  4. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      7. Кеңестi төраға - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi басқарады. Кеңес төрағасы Кеңестiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды, Кеңестiң қызметiне жауапты болады.
      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды.

      8. Кеңестiң құрамына мүдделi мемлекеттiк органдардың басшылары, сондай-ақ кәсiпкерлердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кiредi. 

      9. Кеңестiң жұмыс органы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi болып табылады.

      10. Кеңестiң жұмыс органы Кеңес қызметiн ұйымдастырушылық-ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.

      11. Кеңес жұмыс органының жеке кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы Кеңестiң хатшысы болып табылады. Кеңестiң хатшысы Кеңес мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша қажеттi құжаттар мен материалдарды дайындайды және мәжiлiс хаттамасын ресiмдейдi.

      12. Кеңестiң мәжiлiсi оның мүшелерiнiң кемiнде үштен eкici болған кезде, қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi.

      13. Мәжiлiстердiң күн тәртiбiн Кеңестiң төрағасы Кеңес мyшелерiнiң ұсыныстары негiзiнде қалыптастырады.
      Кеңес мәжiлiстерiн өткiзу уақыты мен орнын Кеңестiң төрағасы айқындайды.

      14. Мәжiлiстiң күн тәртiбiн Кеңестiң хатшысы Кеңестiң мүшелерiне, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғаларға жiбередi.

      15. Мәжілістің күн тәртiбiнiң әрбiр мәселесi бойынша шешiмдер ашық дауыспен, Кеңеске қатысушы мүшелердiң басым дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

      16. Кеңестiң шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Мәжiлiстiң хаттамасын хатшы дайындайды және оған Кеңестiң мәжiлiске қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
      Кеңес мүшелерiнiң ерекше пiкiр бiлдiруге құқығы бар, ол жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса берiлуге тиiс.

      17. Кеңес мәжiлiсiнiң қол қойылған хаттамасы Кеңестiң мүшелерi мен мүдделi мемлекеттiк органдарға жiберiледi.

  5. Кеңестiң қызметiн тоқтату

      18. Кеңес өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi негiзiнде тоқтатады.