Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы N 1080 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы N 1251 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.08.27. N 1251 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 14 маусымдағы N 647  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 17, 190-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесiнде:

      "Жалпы ережелер" деген 1-бөлiмде:
      3-тармақтың екiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша" деген сөздер "Мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi" деген 4-бөлiмде:
      "Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi" деген 1-бөлiмшеде:
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
      Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасы орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын, алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастырудың негiзi болып табылады.
      Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастыру бiрiншi кезеңде мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 наурызына дейiн Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлiмдерiнiң нысандарын, көрсеткiштерiнiң тiзбесiн және құрылымын орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi;
      2) Министрлiк орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың алдағы үш жылдық кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамдарын (бұдан әрi - аса маңызды көрсеткiштердiң болжамы) әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына енгiзедi.
      Бюджет комиссиясы мақұлдаған Республикалық орта мерзiмдi жоспардың аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамын Министрлiк үш күн мерзiмде орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi;
      3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлiмдерiнiң құрылымына және көрсеткiштерiнiң нысандарына сәйкес жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырынан кешiктiрмей, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiне және басымдылық тәртiбiмен олардың бөлiнiсiнде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басым бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi бойынша Министрлiкке ұсыныстар бередi;
      4) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 маусымына дейiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардан алынған материалдардың негiзiнде Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жоспарланатын кезеңге арналған жобасын қалыптастырады және бюджет комиссиясына енгiзедi. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың ұсыныстарында алшақтықтар туындаған жағдайда, келiспеушiлiктер хаттамасы қоса берiледi.
      Екiншi кезеңде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбелерiн, қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басым бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды), ұлттық компанияларды, оның iшiнде акционерi ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды дамытудың негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамын қалыптастыру және ел экономикасын дамытудың болжамды бағалауды нақтылау, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн түзету жүргiзiледi;
      1) жоспарланатынның алдындағы жылдың маусымында Министрлiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттiк органдардың қатысуымен Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн пысықтауды жүргiзедi;
      2) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiн жергiлiктi атқарушы органдармен кезең-кезеңiмен келiсудi және нақтылауды жүргiзедi және бөлiмдер мен көрсеткiштердiң пысықталған нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей Министрлiкке ұсынады;
      3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 тамызына дейiн Министрлiк Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарға келiсуге жiбередi;
      4) Республикалық орта мерзiмдi жоспар жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 тамызына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзiледi және жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.";
      "Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң және бекiтудiң тәртiбi" деген 2-бөлiмшеде:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "15. Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезеңде жергiлiктi уәкiлеттi органдар:
      1) алынған материалдар мен экономикалық жоспарлау жөнiндегi аудандық және қалалық бөлiмдердiң ұсыныстары негiзiнде экономикалық қызмет түрлерi бөлiнiсiнде облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының iрiлендiрiлген параметрлерiн әзiрлейдi және жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырына дейiн бюджет комиссиясына ұсынылатын Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасына енгiзу үшiн Министрлiкке ұсынады;
      2) жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 маусымына дейiн жергiлiктi уәкiлеттi органдар облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының жобаларын тиiстi жергiлiктi бюджет комиссиясының қарауына жiбередi;
      3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шiлдесiне дейiн жергiлiктi уәкiлеттi органдар облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген кестеге сәйкес Министрлiкпен және басқа мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсудi жүзеге асырады.
      Екiншi кезеңде қолданыстағы және әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламалардың тiзбелерiн, басым жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қалыптастыру және өңiрдiң дамуын болжамды бағалауды нақтылау, облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының бөлiмдерiн түзету жүргiзiледi:
      1) жоспарланатынның алдындағы жылдың қыркүйегiнде жергiлiктi уәкiлеттi органдар облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын пысықтауды жүзеге асырады және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдiктерiнiң қарауына енгiзедi;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi жылдың 15 қазанына дейiн мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсiлген облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын алдағы қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң жобаларымен бiр мезгiлде тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне ұсынады";
      "Ұлттық компаниялардың Даму жоспарларын әзiрлеудiң және бекiтудiң құрылымы, тәртiбi" деген 5-бөлiмде:

      19-тармақта:
      1) тармақшадағы "қаңтарында" деген сөз "наурызында" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "1 мамырынан" деген сөздер "1 маусымынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiмен (табиғи монополиялардың субъектiлерi болып табылатын және Қазақстан рыногында басымдық жағдайға ие ұйымдар үшiн)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiмен (табиғи монополиялар субъектiлерi болып табылатын ұйымдар үшiн) және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiмен (тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие ұйымдар үшiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Орта мерзiмдi жоспарларды iске асыруды бақылау" деген 8-бөлiмде:
      29-тармақтағы "және Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының орындалуы", "және жекелеген iс-шараларға түзету жасау жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:
      "31. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары макроэкономикалық көрсеткiштер болжамы нақтылау кезiнде түзетiледi.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі