Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлердiң тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қарашадағы N 1075 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi)  224-2-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің           
2006 жылғы 11 қарашадағы     
N 1075 қаулысымен       
бекітілген       

   Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану
    келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол
  келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары
қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі

Р/с
N

Салық төлеуші

1

"Арман" бірлескен кәсіпорны

2

"Маерск Ойл ГмбХ" компаниясының қазақстандық филиалы

3

"Қазгермұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4

"Қуатамлонмұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5

"АДЖИП ККО" компаниясының қазақстандық филиалы

6

"Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорны

7

"Қазақтүрікмұнай" бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі