Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 19 шiлдедегi N 688
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 27, 282-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етiлген жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеу ережесiнде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдары жылжымайтын мүлiктi жария етудi жүргiзу жөнiндегi тиiстi комиссия (бұдан әрi - комиссия) мүлiктi жария ету туралы шешiм шығарған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жария ету субъектiсiне комиссия қабылдаған шешiм және жария етiлген жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжатты дайындау үшiн осы Ереженiң 5 немесе 6-тармақтарына сәйкес материалдарды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына ұсыну қажеттiлiгi туралы хабарлайды.";