Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.20 N 739 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1467 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 51, 687-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
тақырыбында және 1-тармақта "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын" деген сөздер "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылатын қарыздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепілдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесiнде:
тақырыбында және 1-тармақта "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын" деген сөздер "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi абзацта:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын" деген сөздер "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"басқару" деген сөзден кейiн ", мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған борыш мониторингi" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацта:
"борыштың" деген сөзден кейiн ", мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған борыштың" деген сөздермен толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын" деген сөздер "мәлiметтердi тиiстi тізiлiмге енгiзу жолымен мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Тiзілім тiркеу журналында және дерекқорда жүргiзiледi.
Нөмiрленген және тiгiнделген, тiзiлiмдi жүргiзуге жауапты бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiнiң мөрiмен және басшысының қолымен бекiтiлген тiркеу журналы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) тiркеу күнi;
2) тiркеу нөмiрi;
3) құжаттың атауы және нөмiрi;
4) жауапты тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты және қолы.
Дерекқор ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн бiлдiредi.";
3-тармақта "Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын" деген сөздер "Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ 3) тармақшадағы "мемлекеттiк кепiлдiктер)" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздар;
5) мемлекет кепiлгерлiгi";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу:
1) қарыз шартын жасасу - қарыз шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң негiзiнде жүзеге асырылады;
2) борыштық бағалы қағаздарды шығару - облигацияларды шығару проспектiсi, облигацияларды бастапқы орналастыру және облигациялар ұстаушылар өкiлiнiң оның көлемi туралы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға оларды орналастырғаннан кейiн келесi күнi растауы негізiнде жүзеге асырылады.";
21-тармақта:
"өздерi тартқан" деген сөздерден кейiн ", қарыз шартын жасасу нысанында тартылған" деген сөздермен толықтырылсын;
"15" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Қарыз алушылар өздерi тартқан борыштық бағалы қағаздар нысанында тартылған, мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу үшiн облигацияларды шығару проспектiсiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн мемлекеттiк емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркегеннен кейiн 5 күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға ұсынады.";
25-тармақ "Мемлекет" деген сөздiң алдынан "Қарыз шарты нысанында тартылған" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Борыштық бағалы қағаздар нысанында тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектiсiнiң негiзгі есептiк сипаттамаларын (облигацияларды шығару проспектiсiнiң нөмiрi және күнi, шығарылатын облигациялар саны, бiр облигацияның номиналды құны, облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттар мен тәртiбi, облигациялар бойынша қамтамасыз ету, облигациялар айналысы және оларды өтеу туралы мәлiметтер, деректемелер, облигация ұстаушылар өкiлi туралы мәлiметтер) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды тiркеу:
қарыз шартын жасасу - қарыз алушы тиiстi құжаттарды ұсынғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады;
борыштық бағалы қағаздар - оларды орналастырғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен толықтырылсын:
"5-1. Мемлекет кепiлгерлiгiн және мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу және есепке алу.
26-1. Мемлекет кепiлгерлiгiн тiркеу және есепке алу кепiлгерлiк шарты негiзiнде үш күн iшiнде жүзеге асырылады.
26-2. Инфрақұрылымдық облигациялар шығару нысанындағы мемлекет кепiлгерлiгiмен берiлген қарыздарды тiркеу және есепке алу концессионер облигацияларын шығару проспектiсi, инфрақұрылымдық облигацияларды бастапқы орналастыру және облигациялар ұстаушылары өкiлiнiң оның көлемi туралы бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға оларды орналастырғаннан кейiн келесi күнi растауы негiзiнде жүзеге асырылады.
26-3. Мемлекет кепiлгерлiгiн тiркеу кепілгерлiк шартына тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
26-4. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу қарызға тiркеу нөмiрiн беру және оны мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздар тiзiлiмiне енгiзу жолымен жүзеге асырылады.
26-5. Мемлекет кепiлгерлiгін есепке алу кепiлгерлiк шарттарының негiзгi есепке алу сипаттамаларын (кепiлгерлiк шартын тiркеу нөмiрi және күнi, мемлекет кепiлгерлiгi берiлген валюта және сома, мемлекет кепiлгерлiгiнiң қолданылу мерзiмi) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
Қарыз алушы мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыз бойынша мiндеттемелердi толық көлемде орындаған жағдайда, мемлекет кепiлгерлiгi кепiлгерге қайтарылуға тиiс.
26-6. Мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектiсiнiң негiзгi есепке алу сипаттамаларын (облигацияларды шығару проспектiсiнiң нөмiрi және күнi, шығарылатын инфрақұрылымдық облигациялар саны, бiр инфрақұрылымдық облигацияның номиналды құны, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттары мен тәртiбi, инфрақұрылымдық облигациялар бойынша қамтамасыз ету, инфрақұрылымдық облигациялар айналымы және оларды өтеу туралы мәлiметтер, концессия шартының және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мемлекет кепiлгерлiгiн беру туралы қаулысының деректемелерi, облигациялар ұстаушылар өкiлi туралы мәлiметтер) дерекқорға енгiзу жолымен жүргiзiледi.
26-7. Инфрақұрылымдық облигациялар шығару арқылы тартылған мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу оны орналастырғаннан кейiн 5 күн iшiнде жүзеге асырылады.
26-8. Қарыз алушылар өздерi тартқан инфрақұрылымдық облигациялар нысанында тартылған мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды тiркеу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органға мемлекеттiк емес облигацияларды шығаруды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн 5 күн iшiнде облигациялар шығару проспектiсiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесiн ұсынады.";
28-тармақта "қарыздарды" деген сөзден кейiн ", мемлекет кепiлгерлiгiн және мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды" деген сөздермен толықтырылсын;
Қазақтан Республикасының мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу мен есепке алу ережесiне 1 және 2-қосымшаларда жоғарғы оң жақ бұрыштағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын" деген сөздер "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен тартылған қарыздарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі