Қарулы Күштердегi, басқа әскерлер мен әскери құралымдардағы медициналық қамтамасыз етудi жетiлдiру және құқық тәртiбiнiң деңгейiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 8 ақпандағы N 119
қаулысында
:
көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасында 4-бөлiмнiң жетiншi абзацы алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 қазандағы N 1072
қаулысында
:
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында 2-бөлiмнiң реттiк нөмiрi 1-жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі