Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы N 1024 Қаулысы

Қолданыстағы

      Сыртқы және iшкi саясатты ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ шет елдерде Қазақстан Республикасының жетiстiктерiн насихаттауды күшейту мақсатында, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:
      Комитет туралы ереже;
      Комитеттiң құрылымы бекiтiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 530-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi (Сыртқыiсминi) туралы ережеде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ведомствосы - Халықаралық ақпарат комитетi бар.";

      2) "Штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы N 47  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген министрлiктердiң, агенттiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде:
      "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi" деген реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi          349
      ведомстволарды қоспағанда, министрлiктiң орталық аппараты 321
      Халықаралық ақпарат комитетi                               28
      бұдан басқа:
      басқа елдердегi органдар аппараты (елшiлiктер, өкiлдiктер, консулдықтар мен дипломатиялық миссиялар)                      585".

      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 28 қазандағы
N 1024 қаулысымен
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық ақпарат комитетi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң құзыретi шегiнде арнайы атқарушылық функцияларды, Қазақстан Республикасының оң имиджiн нығайту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық үйлестiрудi және шет елдерде оның жетiстiктерi туралы ақпарат таратуды жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

      2. Комитет өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кесiмдерiн, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.
      Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi.
      Егер заңнамаға сәйкес оған өкiлеттiк берiлсе, Комитет мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.

      4. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.

      5. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

      6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
      010000, Астана қаласы, N 1 көше, 35 ғимарат.

      7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Халықаралық ақпарат комитетi" мемлекеттiк мекемесi.

      8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.

      9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру жөнiнде құқық берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары

      10. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мынадай саладағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн:
      Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң имиджiн қалыптастыруға, арттыруға және нығайтуға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды iске асыру;
      Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы оң имиджiн қалыптастыру, арттыру және нығайту саласындағы басқа да мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiру және бағыт беру;
      Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты таратудың негiзгi мақсаттарын шешуге деген салааралық көзқарасты жүзеге асыру;
      мемлекетiмiздiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      мемлекетiмiздiң оң имиджiн қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату мәселелерi бойынша үкiметтiк емес ұйымдармен, беделдi және ықпалды бұқаралық ақпарат құралдарымен, әлемнiң талдамалық орталықтарымен, рейтингтiк агенттiктерiмен өзара iс-қимыл жасау;
      оның құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
      өз құзыретiнiң шегiнде ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындау, мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсету;
      2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз ететiн функциялар:
      халықаралық аренада Қазақстан Республикасының оң имиджiн қалыптастыру, арттыру және нығайту;
      Қазақстан Республикасының сыртқы және iшкi саясаты, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, гуманитарлық, сондай-ақ өзге де қызмет салаларындағы жетiстiктерi туралы ақпаратты тарату.

      11. Комитеттiң негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн:
      1) өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнаманы жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      2) Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдарға әдiстемелiк көмек көрсетуге;
      3) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан өз функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды, сондай-ақ басқа да мәлiметтердi сұратуға және алуға;
      4) сараптамалық жұмыстар мен консультацияларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шетелдiк мамандары мен сарапшыларын тартуға;
      5) Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер беруге;
      6) өз құзыретi шегінде халықаралық шарттарды жасасу, орындау, қолданысын тоқтата тұру және күшiн жою туралы ұсыныс енгiзуге;
      7) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткiзуге, сондай-ақ халықаралық конференциялар мен кеңестерде Қазақстан Республикасын білдіруге және олардың жұмысына қатысуға;
      8) Комитеттiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша баспа қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар.

  3. Комитеттiң мүлкi

      12. Комитеттiң жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi бар.

      13. Комитетке бекiтiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      14. Комитет өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өздiгiнен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқылы емес.
      Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкін.

  4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      15. Комитеттi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Комитет Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      16. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауап бередi.

      17. Осы мақсатта Комитеттiң төрағасы заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығына Комитет персоналын қызметке тағайындау және қызметтен босату жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      3) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығына Комитет персоналын көтермелеу және оларға тәртiптiк жаза қолдану туралы ұсыныс енгiзедi;
      4) мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi.

  5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату

      18. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2006 жылғы 28 қазандағы
N 1024 қаулысымен
бекiтiлген    

  Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
Халықаралық ақпарат комитетiнiң
құрылымы

      1. Басшылық
      2. Ақпарат басқармасы
      3. Имидждiк жұмыс басқармасы