Тiркелген жиынтық салықтың ең төменгi және ең жоғары базалық cтавкаларының мөлшерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы N 1016 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы  Кодексiне  (Салық кодексi) сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған тiркелген жиынтық салықтың ең төменгi және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшерi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми түрде жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2006 жылғы 23 қазандағы 
N 1016 қаулысымен   
бекітілген   

  Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық
                  ставкаларының мөлшері*

Р/с
N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі базалық
ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

Тіркелген жиынтық салықтың ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен)

1.

Ойын үстелі

2200

5000

2.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы

50

130

3.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда)

80

180

4.

Электрондық рулетка

100

250

5.

Тотализатор кассасы

200

700

6.

Букмекерлік кеңсе кассасы

100

750

7.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

10

140

8.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс ойын автоматы

15

210

9.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер

10

50

10.

Ойын жолы

55

1000

11.

Карт

25

150

12.

Бильярд үстелі

30

300

13.

Лото ұйымдастырушы

80

600

* тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері салық салу объектісінің бір бірлігіне бір жылға белгіленген.